СОЧ № География 6 класс

Назад
География - 6 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Мәтінді қолдана отырып, сұраққа жауап беріңіз
1492ж Х.Колумб бастаған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты. Одан бұрын, 10 ғасырдың аяғында Исландия жағалауы арқылы Гренландия жағалауына жеткен нормандар солтүстіктің қатаң климат жағдайында бірнеше жүз жыл бойы аралдың оңтүстігі мен оңтүстік шығыс жағалауында тұрған. Кейіннен 15 ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі италиялық Джон Кабот Нью-Фаунленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты. 1519ж Эрнан Кортес бастаған испандардың жорығы ацтектер мемлекеті орналасқан қазіргі Мексика жерін басып алумен аяқталды. 1741ж Витус Беринг пен Алексей Чириков екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді.
a. Мәтінге тақырып қойыңыз [1] b. Мәтіндегі ақпаратты қолдана отырып, картосхема жасаңыз

Решение:

a. Солтүстік Америка материгінің ашылу және зерттелу тарихы
b. Мәтіндегі ақпараттардың толық болуы
Безендірудің дұрыс болуы
Картосхема жасау барысында әртүрлі графикалық элементтерді / шартты белгілерді қолданылуы