СОЧ № История Казахстана 7 класс

Назад
История Казахстана - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 1 четверть

Задание:

Деректі және өз біліміңді қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз
«Қайда барса да, қанқұйлы жоңғарлар қыр соңынан қалмаған қазақтар үріккен киік үйіріндей дүркіреп, жол-жөнекей дүние-мүлкін, бала-шағасын, кемпір-шалын, арық тұрық малын, үй-мүлкін шашып, түстікке барып, қойып кетті. Орта жүз – Самарқанның түбіне, Кіші жүз Хиуа мен Бұқар барып паналайды… Орта Азияның құм белдерінен шүйгін жайылым таба алмай, жаңа көршілерімен жауыққан қазақтар құдіретті Ресейдің шекарасына жүз салып, олардан қолдау мен қолғабыс іздейді»
Ш. Уәлиханов
A. Жоңғар шапқыншылығының демографиялық жағдайға әсері
B. Жоңғар шапқыншылығының егін шаруашылығына зардабы
C. Жоңғар шапқыншылығының мал шаруашылығына зардабы
D. Жоңғар шапқыншылығының сауда-саттыққа әсері
E. Жоңғар шапқыншылығы қаншалықты ауыр болды?

Решение:

Демографиялық зардабы: Халықтың бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға ұшырады.
Егін шаруашылығы . жоңғарлар егін алқаптарын қиратты,
көктемде егіс егілмей, халық ашаршылыққа ұшырады
Мал шаруашылығы: шұрайлы мал жайылымдарынан
айырылды, жоңғарлар малды айдап әкетті
Саудаға — сауда-саттық байланысы тоқтап, қалалар
қирады
Жоңғар шапқыншылығының зардаптары өте ауқымды
болды, себебі, халық өзінің күн көрісін қамтамасыз еткен шаруашылықтарынан айырылып, “Ақтабан шұбырынды” атанған қаралы күндерін басынан кешірді