СОР № 1 Казахский язык и литература 5 класс Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау
НазадТақырыпты тірек сөздер арқылы болжау
Задание:
Мәтінді 2 рет тыңдаңыз. Ондағы салт-дәстүрлерді анықтап, киіз үйге орналастырыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.
«Қазағымның дәстүрлері-ай»
Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері-ай,
Көптен күткен халқымыздың асығып арман еді-ай.
Берекелі қазақ жері — ел мерекелі,
Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі.
Шілдехана, бесік той,
Тұсаукесер, сүндет той,
Ай, шіркін-ай!
Құда түсу, сырға салу,
Беташарым-ай.
Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,
Қыз-бозбала кең даланы,
Әнімен елтіп тербеткен.
Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден,
Қыз балаға жарасады алқа, шашбау, сәукеле.
Жоғалмасын дәстүріміз, ұмытылмасын,
Ата-баба көзіндей қып сақтайық қазақ дәстүрін.
Мәтін тақырыбы _____________
Решение:
Тақырып: “Салт-дәстүр салтанатым”
1)Шілдехана
2)Бесік той
3)Тұсаукесер
4)Сүндет той
5)Құда түсу
6)Сырға салу
7)Беташар