СОР № 1 Казахская литература 11ОГН класс Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
НазадҚасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі
Задание:
1. Автор «Өзім туралы» өлеңінде өзін қандай адам ретінде танытады? Шығармадан дәлел
келтіріңіз.
_______________
2. Өлеңде автор өз бейнесін беруде қандай сезім толқындарын көрсетеді? Шығармадан дәлел
келтіріңіз.
______________
3. Оның өмірге деген көзқарасы қай жолдарда айқын көрінеді? Шығармадан дәлел келтіріңіз.
_______________
4. Ақын өз шығармашылығына деген көзқарасы қалай сипатталған? Шығармадан дәлел
келтіріңіз.
_____________
Решение:
1)Аманжол — Рахымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын.
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.
Ежелден ерке бұлан Қасым едім,
Бұлқына тасып едім, басып едім.
Жүзім – жаз , көңілім — көктем кең пейілді,
Жақсының жүрегіне ғашық едім.
2)Өзге емес , өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да…
3)Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап,
Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ.
Немесе бастармын ба екінші өмір,
Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап.
4)Боламын ақын Қасым әлі де мен,
Өлеңін бөбегіндей әлдилеген.
Қанатын қағып жылдам келер жылдар,
Бәрін де қарсы аламын ән – күйменен.