СОР № 1 Казахский язык 5 класс Хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

Назад
Казахский язык - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

Задание:

Мәтінді мұқият оқыңыз. Өзіңізге ұнаған кейіпкерге хат дайындаңыз. Құрылымы мен рәсімделуіне көңіл бөліңіз.

Ертеде бір бес ағайынды жігіт бір байтеректің қасына жарты жер салған екен. Егіні піскен кезде түнде келіп, біреу жеп кетеді екен. Сонан соң олар егінін күзетіпті. Әуелі үлкен ағасы күзетіпті, бірақ ешкімді көрмепті. Солайша төрт ағасы — төрт күн күзетіпті. Бесінші күні ең кішісі күзетіпті, аты Қарағылыш екен, Қарағылыш күзеткен күні көктен бір қара бие келіпті, егінді жеп жатқанда Қарағылыш оны ұстап алыпты. Сонда әлгі қара бие айтыпты: — Ей бала, мені жібер, менің бес құлыным бар, бесеуін бесеуіңе берейін — деді. Қарағылыш оны қоя берді. Сонан соң қара бие құлындарын алып келіп, ең кішісін Қарағылышқа берді, бөтен төртеуін төрт ағасына берді. Сонда бәрі жарысқанда Қарағылыш озады екен. Бір күні Қарағылыш жұлындай жерден түтін көріпті, барса — бір жалмауыз кемпірдің үйі екен. Ол кемпірдің бес қызы бар екен; қыздарының ойнайтын, жататын, тамақ ішетін үйлері бөлек-бөлек екен. Сонда Қарағылыш қыздардың ойнайтын үйіне барып, кілемнің астына жатыпты. Қыздар келе бергенде кілемді көтеріп қалыпты. Кемпір Қарағылышқа: — Қыздарымды ертең ұзатайын, бүгін өзің қон! -депті. Сонан соң Қарағылыш қыздарын өзіне беріп, өзі қоныпты. Қарағылыш үйге келіп ұйықтамай жатыпты. Сонан соң кемпір қыздарын ырғап-жырғап ұзатыпты.

Решение:

Сәлем,Қарағылыш! Бұл мәтінді оқи отырып,сен менің сүйікті кейіпкеріме айналдың. Маған ұнаған себебін сенің ақкөңілдігіне тәнті болдым. Қазақ халқы жылқы малын киелі жануар деп қабылдаған,бәлкім сен ол биені жібермегенде оның қарғысына ұшырар ма едің?!