СОР № 1 Казахский язык и литература 5 класс Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу

Назад
Казахский язык и литература - 5 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу

Задание:

Өзге ұлтты досыңызбен араңыздағы достық туралы оқиғаны сипаттап жазыңыз (80-90 сөз).

Решение:

Біздің үйге қарама-қарсы орналасқан үйде Мехмет дейтін түрік досым тұрады. Өзі адал дос, жақсы бала. Ал біздің қалай достасқанымыз одан да қызық. Біздің ауданға көшіп келген соң, Мехметті ата-анасы мен оқитын мектепке берді. Дегенмен мен біздің 5 ‘Б’ сыныбына оқуға келеді деп ойлаған жоқпын. Қазақ тілі сабағы бастала бергенде апайымыз Мехметті желкесінен ұстап, сыныппен таныстыра бастады. Бұл мен үшін таныс түр еді. Танысып болған соң апай оған менің қасыма отырса болатынын айтты. Мен селк еттім. Себебі, өзі 5-сынып оқушысына мүлдем ұқсамайтын. Бойы менен екі бас ұзын, салмағы… Мен басында одан, шынымды айтсам, қорқып жүрдім. Дегенмен де уақыт өте оның денесі дәу болғанымен, негізінде жүрегінде мен сияқты бала екенін түсіндім. Біз екеуіміз жақсы досқа айналып кеттік. Бірде мектептен үйге қайтып бара жатқан кезде алдымыздан екі үй ары тұратын Мақсат ағаның иті жүгіріп шықты. Мен жамандай қорықтым… Мехмет мені өзінің денесімен жапты да итке қарай жерден тас алып атқылай бастады. Бірақ, ит те қайтатын емес. Мехмет те оңай берілмейді. Біраз уақыт өткен соң тас иттің басына тиді ма, ‘шәңкілдеп’ қашып кетті. Сол кезде Мехмет өзінің адал дос екенін көрсетті. Ол болмағанда мен өмірімде ұмытпайтындай қорқынышқа кездесер ме едім… Ал қазір біздің отбасымыз да жақсы араласады. Біздер бірге көше бойында тамақ дайындаймыз