СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі

Задание:

Мәтінді оқып, презентацияға қажетті мәліметтерді белгілеңіз. Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жинақтаңыз.
Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Кезінде атабабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп-қонып жүрген. Малдың сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегі тіпті тезегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мал қазаққа жесе — асы, кисе — кисе киімі, мінсе көлігі, жапанда серігі — болған. Ата-бабаларымыз «мал-жан аман ба?» деп амандасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, оларды бағып, күтіп, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген. Ерте заманнан бері осы төрт түлік малдың пірлері бар. Түйе пірі — Ойсыл қара деп жүрген Увайс Қарани шын мәнінде өмірде болған адам. Пайғамбар дәуірінде өмір сүрген өмірін түйе бағумен өткізген. Ол өз елінің түйелерін бағып өзінің кәсіпке адалдығымен, тақуалығымен, қанағатшылдығымен көпке үлгі болған. Сиыр пірі — Зеңгі баба. Бұл да өмірде болған адам. Халық ауыз әдебиетінде Зеңгі баба өмірін сиыр бағумен өткізген, түркілер арасында пір болған адам. Мазары Ташкент қаласының түбінде. Жылқы атасы — Қамбар ата туралы халық арасында әр түрлі дерек бар. Жылқы атасы — Қамбар ата. Кейбіреулер оны «Қамбар батыр» жырының кейіпкері дейді. Ол атқа мініп жауға шапқан нағыз батыр адам. Сондықтан халық елін жаудан қорғаған ерін, пір тұтады. Қой атасы — Шопан ата. Ол — ХІІІ-ХІV ғасырларда өмір сүрген аңыздық тұлға. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз-әңгімелер көп. Ешкі пірі — Сексек ата. Дерек бойынша Қазығұрт тауының бауырында жерленген Исмайыл атаның баласы. Бірақ аз зерттелген.
Үлгі:
• Ат – ер қанаты • Қой сүті – қорғасын • Тай — атқа жеткізер, ат — мұратқа жеткізер

Решение:

Ер қанаты-ат

 

Түйе байлық, жылқы мырзалық.

 

Сиыр сауған шөлдемес.

 

Өріске мал жарасады, атқа жал жарасады.

 

Ел көркі-мал, өзен көркі тал.