СОР № 1 Казахский язык и литература 7 класс Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі

Назад
Казахский язык и литература - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі

Задание:

Төмендегі топтау сан есімдерімен сөз тіркесі, сөйлем құраңыз. Топтау сан есімдерін қолданып, «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі» тақырыбында диалог құрастырыңыз.

Решение:

Сөз тіркесі: жүз-жүзден жүр; он-оннан отырды; екі-үштен кіреді; елуден аса; мың-мыңнан жинап; жиырмадан көп

Сөйлем:

  1. 7 мамыр күніне орай солдаттар шеру көрсетіп, жүз-жүзден жүр
  2. Орындықтар саны шектеулі болғандықтан олар он-оннан отырды
  3. 9 «Б» сынып оқушылары емтихан тапсыруға екі-үштен кіретін болады
  4. Менің атам елуден аса немерелі болды
  5. Көкдала байлары қойды мың-мыңнан жинап, құрбан шалу күні кедей халыққа тегін береді деседі
  6. Қанша ұпай алғаным есімде жоқ, бір білетінім жиырмадан көп

Диалог:

— Ата, бүгін мен сабақтан бестік баға алдым!
— Жарайсың, құлыным! Әкелші бетіңді бір сүйіп алайын!
— Ата, осы басқа жануарларға қарағанда төрт түлікті неге біз өзімізге жақын ұстаймыз?
— Себебі балапаным, кезінде қазақ халқының бары да нары да солар болған. Кезінде ата-бабаларымыз төрт түлікті мың-мыңнан жинаған. Себебі олардың қай-қайсысының болмасын етін — азық, жүнін — киім, мінсе — көлік қылды. Сен өзі төрт түлікке нелер жататынын білемісің?
— Әрине! Олар: қой, жылқы, сиыр және түйе ғой
— Дұрыс айтасың, құлыным
— Ал егіншілік ше? Қазақ халқы мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен де айналысқан
— “Егін ырыс таңдамайды, еңбек таңдайды” дегендей, егіншілік те үлкен еңбекті талап еткен. Бірақ есесіне көп азыққа кенелесің
— Бұл екеуімен кезінде халқымыз не үшін айналысқан?
— Әрине, күнкөріс үшін. Ол заманда қазіргідей жаңа технологиялар жоқ болды ғой. Біле білсең сенің анау консервідегі сүтіңнен қазақтың төл сиырының сүті әлдеқайда құнарлы әрі тәтті
— Ата, қазір де осы төрт түлік ұстайтын және егін егетін адамдар бар ма?
— Әлбетте. Қалада жүріп көрмей жүрсің ғой, құлыным. Ауылда және одан басқа шаруа қожалықтарында мал бағып, егін егіп мол өнім алып қана қоймай, ел дамуына өз үлестерін қосуда
— Мен де келешекте өз кәсібімді ашып, төрт түлігімізді және дәстүрлі егіншілігімізді жұртшылыққа насихаттайтын боламын, ата!
— Талабың таудай болсын, құлыным-ау