СОР № 1 Физика 10ЕМН класс Ампер күшінің жұмысы. Магнит ағыны. Электромагниттiк индукция құбылысы
НазадАмпер күшінің жұмысы. Магнит ағыны. Электромагниттiк индукция құбылысы
Задание:
Зертханалық жұмыс: «Электромагнитті зерттеу» Құрал-жабдықтар: ток көзі, катушка, темір өзекше, реостат, кілт, компас, жалғағыш сымдар. Жұмысты орындауға нұсқау: 1. Берілген құралдарды қамтитын қарапайым электр тізбегінің сызбасын сызыңыз; 2. Тізбекті құрастырып, мұғалімге тексерткен соң, тұйықтаңыз; 3. Компас көмегімен катушканың полюстерін анықтап, сызбаға белгілеңіз; 4. Компасты катушка осі бойымен алшақтатып, оның тілшесіне магнит өрісінің әсері әлсіз болатындай қашықтыққа орналастырыңыз; 5. Катушка ішіне темір өзекше салып, электромагниттің компас тілшесіне әсерін бақылаңыз; 6. Қандай өзгеріс байқадыңыз, қорытынды жасаңыз, түсіндіріп жазыңыз; 7. Реостат көмегімен катушкадағы ток шамасын арттырыңыз. Электромагниттің магнит тілшеге әсері қалай өзгерді? Қорытынды жасап, жазыңыз; 8. Электромагнитті қай жерлерде қолдануға болады? Екі ұсыныс жасаңыз.