СОР № 1 Казахский язык и литература 10ЕМН класс Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне. Ж.Ауыпбаев «Ашылмаған аралдар» кітабынан «Диктор» деректі әңгімесі
НазадБұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне. Ж.Ауыпбаев «Ашылмаған аралдар» кітабынан «Диктор» деректі әңгімесі
Задание:
1. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.
Әлемде гендерлік теңсіздікті жеңген ел бар ма? «Кез келген мемлекеттің немесе мекеменің жарқын болашағының кілті – дарынды адамдар. Болашақта дарындылық капитал немесе басқа да құндылықтардан маңызды болады. Ал әйелдер жер тұрғындарының жартысын құрайды. Сондықтан қыздар мен әйелдердің құқықтары мен білімін кеңейту, олардың дарындылығын және көшбасшылық қасиеттерін жаһандық дәрежеде қолдану – бәсекелес әлемдегі дамудың негізгі бөлігі», – дейді әлемдік экономикалық форум президенті Клаус Шваб. Гендерлік теңсіздік негізгі төрт сала бойынша бағаланады: — экономикалық саладағы мүмкіндіктер (ерлер мен әйелдердің жалақысындағы айырмашылық, шешім қабылдаудағы үлесі, жоғары лауазым алуда қолжетімдігі); — білімі (білімнің барлық сатыларында оқу мүмкіндіктері); — денсаулығы мен өмір ұзақтылығы (жыныстардың туу көрсеткіші, өмір сүру ұзақтығының айырмашылықтары туралы мәліметтер); — саяси үдерістерге қатысуы (биліктегі гендерлік теңдік). Әлемдік экономикалық форумның 2012 жылы берілген гендерлік теңсіздігі туралы есебі 135 мемлекетті, яғни әлемнің 90% тұрғындарын қамтыған. Зерттеу нәтижелері бойынша ешбір ел толық гендерлік теңдікке жетпеген. Дегенмен Швеция, Норвегия, Финляндия және Исландия сияқты елде гендерлік теңсіздік көрсеткіші ең аз елдер қатарында тұр. Бұл елдерде ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылық шамамен 20%-ды құрайды. Оның басты себебі бұл елдерде билік пен басқару саласында теңсіздік сақталуда. Экономикалық салаға келетін болсақ, әйелдердің жұмыспен қамтылуы ең жоғары орында болғанымен, жалақыларында айырмашылық аз. Солтүстік елдер жұмыс істеу мен бала тәрбиелеу мәселесін үйлесімді шеше білген, бұл өз кезегінде бала туу көрсеткішінің жоғарылауына әсер еткен. Ең алғашқы ондыққа Ирландия, Жаңа Зеландия, Дания, Швейцария және екі дамушы ел – Филиппин мен Никарагуа кірген. Тізімнің ең төменгі орындарында Йемен, Пакистан, Чад, Сирия, Сауд Аравиясы, Кот-д’Ивуар, Марокко, Мали, Иран және Египет тұр. Зерттеу нәтижелері бойынша ТМД елдерінің ішінде Қазақстан тендерлік теңдік бойынша бірінші орында тұр, бұл әлемдік көрсеткіштер бойынша 31-орын. Қазақстан бұл жетістікке Парламент пен Үкіметтегі әйелдердің үлесін көбейту және жалақылардың айырмашылығын азайту арқылы қол жеткізді. Қазіргі кезде Қазақстанда гендерлік саясат саласында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан болашақта бұл көрсеткішті одан ары жақсарту үшін барлық шараларды іске асыруда.

2. Мәтіннен факті мен көзқарасты ажыратып, кестені толтырыңыз.

Решение:
