СОР № 1 Казахский язык и литература 10ЕМН класс Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар. Думан Рамазан «Соңғы дем» әңгімесі, Қайнар Олжай «Жер мен аспан арасындағы дастан
НазадЖер планетасындағы қауіпті қалдықтар. Думан Рамазан «Соңғы дем» әңгімесі, Қайнар Олжай «Жер мен аспан арасындағы дастан
Задание:
1. «Өкіл» стратегиясы бойынша мәтіндерді талқылаңыз. Мәтіндегі күрделі сөздердің жасалу жолын анықтаңыз.
Қоқысты сұрыптау мәселесі
Франция Қоқысты қайта кәдеге жаратудан, сұрыптаудан жетекші орында – франциялықтар. Францияда қоқыспен күресуде қоқыс өртейтін кешенді зауыттар салынған. Мәселен, Париж түбіндегі Иври-сюр-Сен зауыты жылына шамамен 600 мың тонна қоқыс өртейді. Қоқыстарды парализ әдісімен өте жоғары температурада күйдіреді, сонда улы заттар жану кезінде толық ыдырап, күл болады, есесіне атмосфераға зиянды газдар бөлінбейді. Франция қоқысты селекциялық жинау әдісімен қоқысты қайта өңдеу арқылы 30% алюминий, 50% әйнек, сонша газет қағазын өндіреді. Қытай Көршілес Қытайда қоқыс сұрыптау, қайта өңдеу үлкен бизнес саласына айналған. Аспан асты елінің Бейжің іспетті ірі қалаларында қоқысты түрлі әдіспен сұрыптайды, заманауи технологиялар мен адам күші қатар қолданылады. Қоқыс жинаушыларға төлемақы күнбе-күн төленгендіктен, қолма-қол ақшаға мұқтаж жұмысшылар бұл іске үйір. Бір Шанхайдың өзінде мыңдаған қоқыс қабылдау орындарында 2,5 миллионнан астам жұмысшы еңбек етеді. Жапония Өмір сүрудің өзіне жер таппай отырған жапондықтар қоқысты іріктеу, реттеу жұмыстарына аса үлкен жауапкершілікпен қарайды. Токио мен ірі қалаларда қоқыс контейнерлері қағаз, пластик, әйнек, темір, жанғыш, жанбайтын, қайта өндірілетін деп іріктеледі. Әр қалдықтың өзіне тиесілі түсті пакеттері болады. Мәселен көк пакетте қағаз қалдықтары болса, жасыл түсті пакетте пластик болады, егер қоқыстарды шатастырып немесе аралас тастаса, сол үшін «шатасқан» тұрғын қомақты айыппұл төлейді. Супермаркеттерде пакеттердің шамадан тыс қолданылуын шектеу мақсатында пакеттер берілмейді. Қоқысты жинау қызметі бір күнді тек бір қоқыс түріне арнайды. Әлемнің көп жерлерінде қоқысты өртеуге тыйым салынған, өйткені тұрмыс қалдықтарынан түрлі улы газдар бөлініп ауаны ластайды. Қалдықтарды өртеу АҚШ пен Жапонияда рұқсат етілген, бұл елдерде плазмалық газдау әдісі қолданылады. Жапондықтар өртелген қоқыс күлін арнайы құрылғылармен тығыздап, құрылыс заттарын өңдіреді, ғимараттар тұрғызып, тіпті бүтін жасанды аралдар салып жатыр. Түркия Түркия астанасы, жалпы қалалары тазалығамен тамсантады. Түрік қоқыс тазалаушысы – беделді әрі жалақысы жоғары мамандық. Қоқыс тазалаушы орта буынды банк менеджеріне қарағанда жақсы табыс табады. Тазалыққа жауапты қызметкерлер үшін әлеуметтік қолдау жолға қойылған: медициналық сақтандыру, жоғары зейнетақы, қолжетімді баспана алуға мүмкіндіктері зор.
2. Жұбыңызбен талқылаңыз. «Күнделікті өмірде қоқыс қалдықтарын қалай падаға асыруға болады?» деген сұрақты жұпта талқылап, кем дегенде 3 шешу жолын ұсыныңыз. Пікір білдіруде күрделі сөздерді қолданыңыз. 1) 2) 3)
Решение:
1.Күнделікті әрбір адам тастайтын қоқыс қалдықтарының мөлшерін азайту қажет.
2.Еліміздегі қоқыстарды қайта өңдеу саласын жоғары деңгейде дамыту керек.
3.Қоқыс қалдықтарынан адамзат пайдасына асар заттар ойлап табу қажет.