СОР № 1 Казахская литература 11ЕМН класс Ғасырлық туынды
НазадҒасырлық туынды
Задание:
1. Есімдердің бірін таңдап, кейіпкер бойындағы қасиеттерді атаңыз.
Кейіпкерлер: Ұлжан, Зере, Тоғжан, Әйгерім, Керімбала, Үмбетей, Айғыз, Ділдә, Салтанат, Қуандық
2. Жұпта келесі пікірді негізге алып, талқылау жүргізіңіз.
Эпопеяның сан алуан образдар галлереясында әйел атаулының жарастықты, жарқын бейнесі айрықша орын алады. Ақылгөй де адал Зере, абзал ана Ұлжан, жас ару Тоғжан, жез таңдай әнші Әйгерім, парасатты Салтанат бәрі-бәрі де Абайдың рухани дүниесін байыта береді. М.Қаратаев
3. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, аналар бейнесі мен арулар бейнесіндегі құндылықтарды талдаңыз, әлем әдебиетіндегі бір кейіпкер бейнесімен үндестігін анықтап, пікіріңді білдіріңіз.
1) Абай аналары — Зере, Ұлжан («Қарашығым, қоңыр қозым…») 2) Абай сүйген арулар — Тоғжан, Әйгерім («Жарқ етпес қара көңілім…») 3) Абай заманының шерменділері — Керімбала, Үмітей («Жолыңа жаным кұрбан»). 4) Абай жақындары, күңдестік бұғауындағылар — Айғыз, Ділдә («Күндестің аты да күндес те») 5) Абайға жақтас парасат иелері — Қуандық, Салтанат («Дос бола біл…»)