СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі

Задание:

Төмендегі адамдардың пікірімен танысыңыз. Қай пікірді қолдайсыз? Неге? Қай пікірге түбегейлі қарсысыз? Неге? Өз ойыңызды білдіруде үстеудің мағыналық түрлерін қолданыңыз (100-150 сөз).

Решение:

Берілген 4 пікірдің арасынан мен Мұрат және Ғалым есімді адамдардың пікірімен қосылғым келеді.Дәл менің түсінігімдегі ойды нақты жеткізе білді.Жалпы,қазақ халқының дәстүрінде әйел тек үйдің адамы ретінде сипатталады.Әйелдің орны ошақ қасында,үнемі үй шаруасында жүруі тиіс деген түсінік әбден қалыптасып қалған.Әрине,бұл түсінікке еш қарсылығым жоқ.Кез келген қыз баласы үшін ана атану үлкен бақыт деп білемін.Қазақ қызының өмірдегі басты мұраты кету дейді ғой.Барған отбасын барынша бақытты етуге міндетті.Сол отбасының ұрпағын көбейтіп,саналы бала тәрбиелеуі қажет.Алайда бұл міндеттерден бөлек өзіндік жеке өмірін де ұмытпауы керек.Қыз баласы бұл өмірге тек дәстүр бойынша бала тәрбиесі немесе үй шаруасы үшін ғана келмеді.Оның да өзіндік өмір жолы болуы қажет.Жеке қызметі бойынша белгілі бір шынға шыға білгені жөн.Тағы қоса кететін жайт,әйел адам тек күйеуіне сеніп қалмауы керек.Яғни,оның өз қолынан келетін бір хобби түрі немесе дағдыланған мамандығы болуы тиіс.Егер күйеуіне бір жағдай болған сәтте немесе қосымша қаражат қажет болған жағдайда өз көмегін тигізе алғаны абзал болары анық.Отбасылы болған кездің өзінде өзін қамтамасыз ете алатын дәрежеде болуы тиіс.Басты ескере кететіні  әрбір қыз баласы осы жағдайдың барлығына үлгере алуы керек.Яғни,отбасын да құрып,өзіндік жеке карьерасын да дамытып,жеке тұлға ретінде де қалыптасу керек.Осындай сәтте қасындағы күйеуі дұрыс жағынан түсініп,қолдау көрсете білуі тиіс.