СОР № 1 Казахский язык 10ЕМН класс Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер

Назад
Казахский язык - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер

Задание:

«Қазіргі еңбек нарығында клинингтік қызмет түрі үлкен сұранысқа ие. Мұның себебі неде?» деген сұраққа өз пікіріңізді білдіріңіз. Пікіріңізде төменде берілген мәтіннен дәйексөздер келтіріп, авторына сілтеме жасаңыз.

Клининг – жауапты да табысты кәсіп Жеке кәсібін ашуды, өз уақытын өзі басқаруды қалайтын жандардың қатары артпаса, кеміп отырған жоқ. Бұл кәсіптің ішінде тазалау, жуу, яғни клинингтік қызмет те бар. Кәсіпкерлікте клининг қызметінің түрлері қандай, оны ашу үшін не қажет, қалай бастау керек деген сауалдарға жауап іздеп көрелік. Клинингтік қызметті бастау үшін төмен мөлшерде қаражат пен тазалау жабдығының аз көлемі ғана қажет. Алайда клинингтік қызметті жолға қойғанда арнайы жабдық, орынжай мен жұмысқа қабілеті жоғары мамандар қатары қажет болады. Мұндай компанияға салынатын қаражат көлемі де ауқымды. Клинингтік компаниялардың 3 түрі бар: бірі пәтер мен кеңсе тазалауға бағытталса, екіншілері коммерциялық жылжымайтын мүліктерге күн сайын қызмет көрсетуді қолға алады. Ал енді бір компаниялар қызметтің бір ғана түрін таңдайды, мысалы кілем жуу, киімдерді химиялық тазалау қызметін ұсынады. Компания үлкейген сайын, оның көрсететін қызмет түрлері де артады. Клининг саласында бизнес бастаудың екі тәсілі қолданылады. Біріншісі – нақты бір клиентке арнап бастау. Мысалы, сауда орталығы немесе басқа да бір ірі нысанның тазалау жұмыстарына келісіп, жаңа кәсіпті бастауға болады. Мамандар қатарын жасақтап, тиісті жабдықтарды алғаннан кейін уақыт өте келе тәжірибе жинақталады. Одан кейін тапсырыс берушілердің қатарын арттыруға болады. Сонымен қатар бір ғана бағытта қызмет көрсету, айталық, кілем жуу, еден тазалау секілді түрлерін ғана таңдау арқылы мамандану. Шағын компания бірнеше тәжірибелі маманмен заманауи тазарту құралдарын пайдалана отырып, қызметтің бір ғана түрін көрсетеді. Жауапкершілік пен адал қызмет ету тұтынушылар қатарын арттырмай қоймайды. Клинингтік компанияға арнайы кеңсе қажет емес. Тапсырыс қабылдау үшін телефонға жауапты адам болса болды. Уақытылы тапсырыс қабылдап, жұмысшыларды жөнелтіп отырса жеткілікті. Әрине, кеңсесіз фирманы елестету қиын. Уақыт өте келе тұтынушылар қатары көбейген соң, қызметкерлердің қатары да, қолданатын заттар да артады. Сол уақытта жайлы әрі қолайлы орын іздестірген абзал. Ал клиент қатары қалай көбейеді? Көптеген компаниялар бастапқы тапсырысты таныстары арқылы алады. Бұл – расталған. Ең тиімдісі – ауқымды нысаннан тапсырыс алу. Ара-тұра түскен тапсырысқа қарағанда күнделікті қызмет көрсету бизнестің тұрақтылығы мен дамуына кепілдік береді. Ал жай ғана жарнама беру арқылы тұтынушы табу бұл салада тиімсіз. Себебі қызмет көрсету сапасына қарай клиенттер бір-біріне ұсынады, осылайша сіздің қызметіңізді сатуға көмектеседі. Клинингтік компанияда көп жағдайда менеджер, диспетчер мен тазалаушы мамандар болады. Ал бухгалтерді қосымша жалдауға болады. Енді бастаған кәсіпте директор маман таңдаумен, ұйымдастырумен, тапсырыс қабылдаумен өзі айналысады. Сауалнама жүргізеді, құжаттарды реттейді, тіпті бухгалтерлік есепті де өзі жүргізеді. Бұл тәжірибенің бизнесті дамытуға көмегі зор. Менеджер тазалаушылардың қызметін бақылап, химиялық құралдардың пайдаланылуын қадағалап, жұмыс сапасына жауап береді. Ал тазалаушылардың қатары тапсырысқа байланысты. Нысан неғұрлым үлкен, жұмыс та көлемді болған сайын көп қызметкер жалдауға тура келеді. Табыс қалай түседі? Бұл кәсіпте де кез келген бизнестегідей тапсырысқа қарай табыс артады. Дегенмен ауқымды тапсырыс алуға ұмтылу – аз уақытта көп қаражат табудың көзі. Клиентке адалдық, жауаптылық пен ұқыптылық – тұрақты тапсырыстың кепілі. Клинингтік фирмалар тазалау, жуу ғана емес, сондай-ақ сантехникалық, электрлік, ұсталық және басқа да қызметтерді қоса алғанда табысы артады. Тиісінше жұмысшылар қатары да көбейеді. Ең алғаш рет клининг қызметі Англияда ХІХ ғасырда пайда болған. Кәсіби тазарту мамандарының бірінші тұтынушылары байлар мен ресми мекемелер болған. Аталған сұраныс ұлғая келе «British Institute of Cleaning Science» атты тазалау ғылымының институты құрылды. Әкімшілік, медициналық, білім беру ғимараттарының қатары көбейген сайын тазалау қызметінің сұранысы арта түсіп, жұмысты жеңілдету үшін әрі тиімділікті арттыру мақсатында арнайы машиналар ойластырылды. 1955 жылы әлемде бір дискілі машина құрастырылды, одан кейін 1969 жылы «Таски» атты таза және кір суды ажырататын машина шығарылды. Ал 1970 жылдары су ағызып қан қоймай, оны қайтадан сорып алатын құрылғылар пайда болды. Кілем секілді түкті дүниелерді жууға қолданылатын экстракторлар мен еден жуатын машиналар күні бүгінге дейін клинерлердің жиі қолданатын жабдықтары болып саналады. Тазалық – денсаулық кепілі. Бұл қызмет түріне сұраныс артпаса, кемімейтіні анық. Қарлыға Мырзалимова

Решение:

Еңбек нарығы — бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады.Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады.Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.Еңбек нарығының негізгі мақсаты — еңбек ресурстарын тиімді жəне нəтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі əрі мемлекеттік маңызды мəселе. Нарыққа бет алған сайын бұл мəселе экономикалық өмір тіршілігінде өткір жəне батыл койылған саяси экономикалық жəне əлеуметтік мақсаттарға жетудің шартты жағдайларының бірі.
Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.

Қазіргі еңбек нарығында клинингтік қызмет түрі үлкен сұранысқа ие. Мұның себебі неде? Осы сауалға нақтырақ тоқтала кетсек.Жалпы алып  қарағанда,қазіргі таңда жанталасқан заман екені бәрімізге мәлім.Әрбір адам күнделікті тіршілікпен арпалыс үстінде жүретіні белгілі.Сондай мезеттерде адамдарға,әсіресе әйел адамдарға клининг компанияларының үлкен көмегі тиіп жатады.Үлгермей қалған сәттерде үйіңді айнадай етіп жинап.тазалап беруге осы клининг компаниялары таптырмас нұсқа болып табылады.Әрі бұндай компаниялар өз қызметтерін шын ниеттерімен адал түрде атқаруынан сұраныс деңгейі де арта түсетіні анық.Осындай барлығына қолайлы компанияны ашып отырған иелері де қазіргі таңдағы адамдарға не қажет екенін білгендіктері деп түсінемін.Тек үйлерді тазалау ғана емес,сонымен қатар бұндай клининг компаниялары кеңсе,коммерциялық мүліктерге қызмет көрсетуге,ал енді бір компаниялар қызметтің бір ғана түрін таңдайды, мысалы кілем жуу, киімдерді химиялық тазалау қызметін ұсынады.Осындай белгілерден заманға сай даму нәтижесін байқауға болады.Менің ойымша,бұндай клининг компанияларының болуы да өте тиімді және ыңғайлы деп есептеймін.