СОЧ № Казахский язык и литература 6 класс

Назад
Казахский язык и литература - 6 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Задание:

Жазылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Жазба жұмысында сөздердің орфографиялық, үндестік заңдарына сай жазылуына, сөйлем соңындағы тыныс белгілердің орынды қойылуына мән беріңіз. Сөз саны-110-120.
1) Меніңболашақ мамандығымның маңызы қандай?
2) Қазба байлықтарын неге үнемді қолдану керек?
3) Спорт мақтаныштарының еліміздің әлемдік деңгейдегі беделін аррттырудағы рөлі қандай?

Решение:

Өмірде ең маңызды нәрсе — ол сенің болашақ мамандығың! Ал оны таңдау әрине оңай емес. Мамандық дегеніміз не? Ол адамды материалдық жағынан қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі. Әр адам мамандық таңдағанда қателеспеу қажет. Дұрыс таңдалған мамандық – болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі. Қазіргі кезде жүз пайыздың тек жартысы ғана өз мамандығымен жұмыс жасап жатыр десем қателеспеймін. Неліктен? Мысалы, жас маман белгілі бір жақсы мамандықты бітіреді, бірақ мүлдем қатысы жоқ бағытта жұмыс жасайды. Онда не үшін бірнеше жылдар бойы сол мамандықта оқып, білім алады? Бұл сұрақты сондай жандарға қойсаң, «Мамандық бойынша жұмыс жоқ немесе өз мамандығыммен жұмыс істегім келмейді», — дейді. Ал кейбірі, ата-анасының түсірген мамандығымен оқуға тәуелді болады. Шыны керек айлығы жоғары болса, кез келген адам өз мамандығымен жұмыс жасап, сол бағытта қызығушылық танытатын еді. Бірақ ол жұмысты сол ақша үшін істейді. Қаншама уақытын керек емес білім алып, өзіңе ұнамайтын жұмысты айлығы үшін жасайсың. Сол адамға, «Сен бақыттысың ба?», деген сұрақты қойғым келеді. Таңертеңгілік ұйқың қанбай, істегің келмейтін жұмысқа барып, кешке дейін уақытыңды соған жұмсап, жұмыс уақыты біткенде ғана қуанасың. Ал егер сен өзіңе ұнайтын мамандық таңдап, сол бағытта жұмыс жасасаң сенен бақытты адам болмайды. Неге? Себебі, сен өзіңнің жасап жатқан жұмысыңды жақсы көресің, жүзіңде күлкі, бойыңдағы бар ынта-жігеріңмен жасайсың! Өмірде екі нәрседен қателеспеу қажет дейді: бірі — жар таңдаудан, екіншісі — мамандық таңдаудан. Не себепті мамандық таңдаудан қателеспеу керек екендігін мен жақында ғана түсіндім. Біз бала кезімізден әртүрлі мамандыққа қызығамыз. Бірақ өсе келе біздің таңдауымызда өзгере бастайды. Кейде ең соңғы сыныпқа келгенде ойланып қаламыз. Бұл жағдай менің басымнан өткен еді. 9 сыныпқа келгенде менің таңдауым дизайнер-интерьер болатын. Сол кезде физика-математика бағытын тереңірек оқыдым, әртүрлі үйірмелерге барып жүрдім. 9 сыныпты бітіріп колледжге түскім келді, ары қарай 11 сыныпты жалғастыру ойымда болмады. Уақыт өте келе менің таңдауым тағы өзгерді. Мен кім болғым келеді? Қандай мамандық мені қызықтырады? деген сұрақтарға жауап іздедім. Оқуға құжаттар тапсыратын кез жақындап қалды. Ал мен әлі ойлану үстінде болдым. Шынымды айтсам, ойланбастан «Ет және ет өнімдерін өндіру» деген мамандыққа тапсырдым. Мемлекеттік грантқа түсемінбе, жоқпа оны білмедім. Тамыз айында грантқа түскендер тізімі шықты. Сол тізімнен өзімнің есімімді көрген кезде бойымды керемет бір сезім биледі. Ата-анам да мен үшін риза болды. Содан оқу жылының басталуын тағатсыздана күтіп, дайындалдым. Себебі, алда қызығы мен шыжығы көп студенттік өмір күтіп тұрды.