СОЧ № Казахский язык 6 класс
Назад
Задание:
1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұнын салыстырыңыз. олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.
1-мәтін
Ертеде қос тұлымшағы желбіреген, құралай көздері жәудіреген кішкене ғана қыз бала болады. Оның мекені алып шаһардың ортасынан ойып орын алған зәулім сарай да емес, биік ғимарат та емес, лашық күрке де емес, қарапайым ауыл ішіндегі шағын үй болатын. Ата-әжесінің шуақты құшағында ерке-бұла боп өсіп, оларды нәзік те қызық қылықтарына бір тоймастай етіп, тамсантып, табындырып күндер кешті.
Ол тамылжыта ән салғанда торғайдың шырылдағаны, құзғынның құрқылдағаны, тырнаның тыраулағаны, сандуғаштың сайрағаны да түкке тұрғысыз, көңілге қонымсыз болып қалушы еді. Оның сырлы сынына, қызық қырына қанық ел-жұрт, ауыл адамдары үйлеріне арнайы шақырып, ән салдырып қоятынды да шығарды. Тақылдақ таңдайынан тамған тамаша дауысын, судың сылдырынан да сұлу, әсем әуенін естімей көңілдері көншімейтіндер де көбейді.
Өнерін өнеге тұтатын ауылдастарының көңілін аулап жүрген бір күнінде ауыл ішінде елеусіз тұрған ескі құдықты көзі шалды. Тамағы құрғап, ерні кеберсіп, тілі аузына сыймай келе жатқанда «тілегені алдынан іздемей табылғанына» жүрегі жарыла қуанған ол қайтсе де су ішіп, шөл қандырмай кетпейтін болды. Құдықтың ескі екеніне, жанындағы қауға шелегінің шаң басып, тозып қалғанына қарамастан, құдықтың тереңіне шелекті «күмп» еткізіп тастап жіберіп, «сырт-сырт, сырт-сырт» еткізіп шелекке байланған арқан жібінен тартып, құдық үстіне шығарып алды да, өз көзіне өзі сенбей аңтарылды да қалды.
«Ескі құдықтан осыншалықты мөлдір су шығады екен-ау. Тіпті, әлгі тоз-тозы шыққан көне шелектің түбі күнге шағылысып, жылтылдап қоятынын қайтерсің» деген ойда қалды.
2-мәтін

2. Әр мәтіндерден негізгі және қосымша, детальді ақпараттарды (кем дегенде 1-еуден) табыңыз. Неліктен бұл ақпарат негізгі (қосымша, детальді) ақпарат болып табылады? Себебін көрсетіңіз.

Решение:
1-тапсырма
1-мәтін
Тақырыбы: Ерке қыздың өмірі
Мазмұны:Ертеде қос тұлымшағы желбіреген, құралай көздері жәудіреген кішкене ғана қыз бала болады. Оның мекені алып шаһардың ортасынан ойып орын алған зәулім сарай да емес, биік ғимарат та емес, лашық күрке де емес, қарапайым ауыл ішіндегі шағын үй болатын. Ата-әжесінің шуақты құшағында ерке-бұла боп өсіп, оларды нәзік те қызық қылықтарына бір тоймастай етіп, тамсантып, табындырып күндер кешуі.
2-мәтін
Тақырыбы:Су ресурстары-Маркетинг
Мазмұны:
«Су ресурстары-Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шымкент қаласынын экономикасын еркендетудегi, ендiрiс саласындағы жаксы жетістіктерді, бағалы бастамаларды, тағылымды тәжiрибелердi. индустриалды-инновациялық бағыттағы барлық технологияларды колдап, оларды жүзеге асырудагы және де Халықаралық стандарттарға сай кала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудегі жоғары жетістіктерi үшiн марапатталуы.
Ұқсастық:жоқ
Айырмашылық:бірінші мәтін ертегі.
Екінші мәтін публицистикалық стильде жазылған,журналистика бағытындағы жанрларға жақын.
2-тапсырма
1-мәтін
Негізгі ақпарат:Ертеде қос тұлымшағы желбіреген, құралай көздері жәудіреген кішкене ғана қыз бала болады.Ата-әжесінің шуақты құшағында ерке-бұла боп өсіп, оларды нәзік те қызық қылықтарына бір тоймастай етіп, тамсантып, табындырып күндер кешті.
Қосымша:Оның мекені алып шаһардың ортасынан ойып орын алған зәулім сарай да емес, биік ғимарат та емес, лашық күрке де емес, қарапайым ауыл ішіндегі шағын үй болатын.
Детальді:Ол тамылжыта ән салғанда торғайдың шырылдағаны, құзғынның құрқылдағаны, тырнаның тыраулағаны, сандуғаштың сайрағаны да түкке тұрғысыз, көңілге қонымсыз болып қалушы еді.
2-мәтін
Негізгі: 2019 жылғы 9 шілдеде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-гін су шаруашылығы кызметкерлерi күнiмен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бiрiншi вице-министрi Қ. Өскенбаев құттықтады.
Қосымша:«Су ресурстары-Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шымкент қаласынын экономикасын еркендетудегi, ендiрiс саласындағы жаксы жетістіктерді, бағалы бастамаларды, тағылымды тәжiрибелердi. индустриалды-инновациялық бағыттағы барлық технологияларды колдап, оларды жүзеге асырудагы және де Халықаралық стандарттарға сай кала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудегі жоғары жетістіктерi үшiн марапатталады.
Детальді:GA Казакстан Республикасы Индустрия және Инфрақұрылымд даму бірінші вице-министі К.А.Өскенбаев.