СОЧ № Казахская литература 7 класс
Назад
Задание:
Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, әңгіме құрастырып жазыңыз. Әңгімеде кейіпкерлер арасындағы диалогтің болуын ескеріңіз, онда одағай сөздерді қолданыңыз.
1) Бүгінгі таңда телефонға тәуелділік үлкен дертке айналды. Еңбектеген сәбиден еңкейген қартқа дейін телефонға шұқшиып отырғанын көріп жүрміз. Осындай күнделікті өмірдегі жағдайларды негізге алып, «Әлеуметтік желінің әлегі» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз.
2) Дүкен сөрелеріндегі гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды тұтынушылар – өзіміз, біздің жақындарымыз. Табиғи өнімдердің пайдасын насихаттайтын, гендік өзгеріске ұшырған тағамдардың зиянына оқырманның көзін жеткізетіндей, ой салатын әңгіме құрастырыңыз.
3) Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Әр ұлт өкілдерінің арасындағы достық туралы ойдан немесе шынайы өмірден алынған оқиғаға негізделген әңгіме құрастырыңыз.
Решение:
Қазіргі қарыштап дамыған заманда ұялы телефонсыз жұмыс істеу өте қиын. Осы күні қолымыздағы ұялы телефонымыз өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналғандай. Алыстағы жақынымызбен хат-хабар алысу үшін, керекті ақпараттармен сусындау үшін, бос уақытымызды тиімді өткізу үшін телефонның пайдасы орасан зор екені сөзсіз. Алайда, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған, пайдалы ақпараттармен таныстырған бұл құрылғының зияны да жоқ емес. Денсаулыққа тигізер зардабын айтпағанның өзінде, алтыннан қымбат уақытымызды ұрлаған әлеуметтік желінің әлегі шаш етектен. Ең алдымен әлеуметтік желі деген не? Осыны анықтап алсақ. Әлеуметтік желі- миллиардтаған адамдардың күнделікті жаңалықтарымен бөлісіп, хат-хабар алысатын сайттар бірлестігі. Ол адамдарды өзіне тәуелді етеді, күнделікті тұрмыс-тіршіліктен алыстатып, виртуалдылыққа жетелейді. Әлеуметтік желіде өз пікірін айтып үйреніп қалған адамның өзгелермен сұхбаттасуы, ойын толық жеткізе отырып, сөйлесуі қиын болады. Айта кетерлік тағы бір жәйт, бұл — әлеуметтік желідегі қазақ тілінің жағдайы. «Ұялы телефонымдағы пернетақтада қазақ тілі жоқ» деген сылтаумен қаншама қолданушы төл әріптерімізді орыс тілінің әріптері арқылы жазып жүр. Онымен қоса сөздерді барынша қысқартып жазады. Осылай жалғаса берсе ана тіліміздің қоғамдағы орны төмендейтіні анық. Онымен қоса қазіргі кезде осы желіде таралып жатқан «өлім ойындары» да желінің зиянды жақтарының қатарын толықтырып тұр. Осы ойынның құрсауына түсіп, өз өмірлерін қиып жатқан өзіммен қатар жасөспірімдер туралы естігенде көңілім қатты түседі. Олар әлгіндей әлеуметтік желінің қолданушылары болмағанда әлі де арамызда жүрер ме еді…