СОЧ № Казахский язык 10ОГН класс

Назад
Казахский язык - 10ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Задание:

1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
А мәтіні
Отыз екінші қара сөз
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білім керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Әуелі — білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратамын деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздеу керек. Ол үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет деп бағаласаң және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады. …Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек…
Үшінші – әрбір ақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма!
Төртінші – білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі – мұлахаза (ойлау, пікір айту) қылу, екіншісі — берік мұхафаза (сақтау, қорғау) қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде (жағдайында) болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.
Бесінші – көптеген ақыл кеселінен қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, соған бек сақ бол. Ол халықтың, дәулеттің, ғибраттың, ақылдың, ардың – бәрінің дұшпаны.
Алтыншы – ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!

Ә мәтіні
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
1. Білімнің салтанат құруы
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл¬дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды, дегенмен білімнің салтанаты жалпыға ор¬тақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді…
6. Сананың ашықтығы
Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «отбасы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды… Ол үшін санамыз ашық болуы шарт. Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді:
Біріншіден, ол дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді…
Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. …басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі. Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шық¬пай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды. Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды.

А мәтіні
Тоқсаныншы жылдардан бері «байлар» мен «кедейлер» деп қоғамды екіге бөлетін жаман әдеттен әлі де арыла алмай жүргендейміз. «Ой, олар бай ғой…», «Байлар білгенін істейді екен ғой…», «Байдың баласы …» осылай бағалауды айналамыздан жиі естиміз. Әсіресе, оқыс оқиғаларда тілге тез оралады. Екі көлік соғысып қалса да «байдың баласы болған соң құтылып кетті» деп оп-оңай баға беріп тастаймыз. Таптық заманнан қалыптасқан жаман әдетпен бүгінгі қазақ өз қазағын қалтасына қарай қоғамның жағымсыз кейіпкерлеріне айналғандай. Бәлкім, сіз бай деп жақтырмай отырған азамат, сол байлыққа адал еңбегі, маңдай терімен жеткен болар. Сіз аспанға қарап «өкімет өлтірмейді», «өкімет жұмыс тауып беруі керек» деп жатқанда ол арба айдап, базарда етік тігіп, сауда жасап, тиынға тиын құрап, қаржы жинап, келе-келе дүкен, сауда орталығын ашқан болар. Сіз осы жағын ойланып көрдіңіз бе?
«Қалталы» деген азаматтардың бірқатары қайырымдылық шараларынан сырт қалмайтыны тағы бар ғой. «Бергеніңді ұмыт…», «Жасаған жақсылығыңды міндет қылма» дегенді ұстанатындары аз емес. Олай болса, қалтасындағы бақырына байлықты «шақыра» білгені үшін ол кінәлі ме? Тиыннан тиын құрағаны ақылдылығы емес пе? Ал сізде сондай ақыл бар ма? Түсінгенге тірліктің көзін таба білу де бір өнер.
Жалпы бүгінгі «бай» дегеніміз кім? Бай адам қандай болу керек? Осы жағын да ойлау артық болмас. Өзін кедеймін дейтіндердің ойынша бүгінгі байлардың «уайымы жоқ». Ал Сіздегі сол уайымды кім жіберді? Дәл осы ретте бізге Сұлтанмахмұд Торайғыровша айтсақ, «Жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен» дей алу жетіспей жатқандай. Бұлай деу үшін біз өзімізді өзіміз тани білуіміз керек. «Өзін-өзі тәрбиелей алған ең ақылды адам» деуші еді ғой ғұламалар. Олай болса ақылды болуға тырысайық.

Ә мәтіні
Қазақстанда бай мен кедей арақатынасы 22:1 қатынасындай екен. Яғни халқымыздың ең бай 10 пайызын ең кедей 10 пайызға бөлгенде 21 есе айырмашылық шығады екен. Біз қанша бай мемлекет болсақ та, егер осы айырмашылық үлкен болса, дамыған ел қатарына қосыла алмаймыз. Осы алшақтықтың бірқатар себептері бар.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жүйе байлардың байи, кедейлердің кедейлене түсуіне «жағдай жасап» отыр. Еліміздің үлкен қалаларындағы тұрғын үй құны өте қымбат, оған жағдайы төмен отбасы ешқашан қол жеткізе алмайды. Жаңа салып жатқан үйлерді көбіне бақуатты адамдар сатып алады. Кейбіреулері ескі пәтерін сатуға асықпай, оны жалға беру арқылы ақша табуда.
Бізде ақшасы жоқ, бірақ идеясы бар адамның кәсіпкерлік айналысып, үлкен компания ашуына мүмкіндік аз. АҚШ-та белгілі бір идеясы бар адам жақсы инвесторлар тауып, акционерлік қоғам құру арқылы қалтасында ақшасы жоқ болса да, еңбектеніп әлемнің ең бай адамдарының қатарына ене алады. Стив Джобс пен Билл Гейтс осыған үздік мысал. Ал бізде бастаманы қолдайтын инвесторлар жоқтың қасы. Оған қоса, кәсіпкерлерді қолдауға арналған банк несиелерінің пайыздары да өте жоғары. Ал өзің тиын-тебен жинап, бір кәсіп бастайын десең, техника да, офис те, ғимарат та өте қымбат. Сатып алудан бөлек, олардың жалға алу құны да бастаушы кәсіпкерге қолжетімсіз.
Бай мен кедейге бірдей салық салынуы. Дамыған елдердің көбінде прогрессивтік табыс салығы енгізілген және ол бойынша неғұрлым көп табысқа қол жеткізетіндер табысының 40, 50 немесе тіпті 70 пайызына дейін мемлекетке өткізеді. Прогрессивтік табыс салығы біздің елде 2011 жылы енгізілді, алайда оның көлемі дамыған елдердікіне жетпейді. Осы секілді факторлар әсерінен, Қазақстанда бай мен кедей арасындағы айырмашылық өте үлкен деңгейде сақталып келеді. (245 сөз)

А мәтіні
Сәулет өнері мен дизайнда Еуропаға мұсылмандардан енген жаңалықтар
Бүгінгі күні сырты абажурмен қапталмаған шам жоқтың қасы. Абажур жасау өндірісі осыдан 500 жыл бұрын Османлы империясында жолға қойылған. Мұсылмандар жарыққа ұмтылған жәндіктердің ашық отқа күйіп өлмесі үшін мешіттердегі шамдардың үстін керамикалық және шыны ыдыстармен жауып қоятын. Дінімізде тірі жандыны, ол тіпті жәндік болса да отпен өлтіруге тыйым салынған еді. Еуропаға шамды сыртынан қоршап тұратын абажурлар 200 жылдан кейін ғана енді. Алғаш Францияда көшедегі шамдарды жаңбыр мен желден қоршау үшін қолданылды.
Ислам елдерімен тығыз байланысты өнер туындыларының бірі – кілемдер. Кілем тоқу б.д.д. оңтүстік Каспийдің көшпелі тайпалары арасында пайда болған. Ең ескі кілем үлгісі (V ғасырда тоқылған) Алтай өңірінен табылды. Еуропаға кілемдер ХІ ғасырда крестшілер арқылы келді. Олардың қымбат әрі сирек болғаны сонша, еуропалықтар кілемді жерге төсеуге қимай, қабырғаларды сәндеген. Ал, еуропалық кілем тоқу өндірісі Францияда басталды. XVII ғасырда патша IV Генрихтің бұйрығымен түрік кілемдерінің үлгісімен кілем тоқитын зауыт ашылды.
Биік үйлер қазіргі заманның жетістігі болып саналады. Бірақ мұсылман сәулетшілері ерекше технология қолдану арқылы тігінен құрылыс салу ғылымын 1000 жыл бұрын игерген. Йеменнің Хадрамут ауданында қыш тастан салынған әлемдегі ең ескі биік үйлері бар Шибам деген ерекше қала орналасқан. Йеменде биік үйлер IX ғасырларда салына бастайды, дегенмен ғимаратты салу технологиясы сол кезеңнен әлі күнге көп өзгере қоймаған. Биіктігі 30 метрге жететін зәулім ғимараттар күйдірілмеген қыш кірпіштен тұрғызылған. Кірпіш саз балшыққа туралған қамысты араластыру арқылы жасалады, басқа ешбір қосынды жоқ. Бұл ғимараттардың мықтылығы мен беріктігі құрылыс барысындағы кішкене ғана қулығында – қабырғалардың қалыңдығы биіктеген сайын жұқара береді. Мысалы, ең жоғары қабатындағы қабырғалардың қалыңдығы ең төменде орналасқан қабырғалардан бес есе жұқа.

Ә мәтіні
Астанадағы халықаралық сәулетшілер конгресіне қатысушылары үш бағыт – қалалық орта үшін инновациялар, урбанистика және жергілікті қоғамдық кеңістікті дамыту, «жасыл» технологиялар енгізу бойынша ойларын ортаға салып, ұтымшы шешім қарастырды. Тұрғындар үшін қысқы жылыжай кешендерін жасауды ұсынған «Sredalab» командасы жылыжайлардың ғимараттардың шатырлары мен қасбеттерінде шыны үйшіктер түрінде салынып, жылу трассалары, күн батареяларын қосу, жел энергиясы арқылы жылытыла алатындығымен ерекше жобасын таныстырды. Жылыжайдың іске қосылуынан түсетін кірісті идея авторларының ойынша, аудан тұрғындары аула территориясын абаттандыруға немесе балаларға қажетті құралдары сатып алуға бағыттай алады. Ал «Nurcelona» командасы қаладағы көлік тұрақтары үшін AirBnB баламасын жасауды ұсынды.
Astana Innovations басқарма төрағасы Олжас Сартаев жас сәулетшілердің өз идеяларын «ақылды» аудан жобасы аясында іске асыруға мүмкіндіктері болатынын айтты. «Ол «Жастар» шағын ауданында. Бүгінде онда осы үш бағыт бойынша бірнеше технология енгізілген. Жұмыстар жалғасуда. Жылыжай кешендері туралы айтсақ. Оларды іске асыру үшін үш-төрт ай уақыт керек. Біз өз тарапымыздан бағалап, биыл ең болмаса бір жылыжайды шағын ауданға шығаруға тырысамыз. Көлік тұрақтары бойынша жобаларға қатысты. Оны Жастар шағын ауданында басымдықпен іске асырамыз. Бірақ біз бұл ауданмен ғана шектеліп қалмаймыз», — деді О. Сартаев. 2018 жылы сәуір айында Байқоңыр ауданының А. Бараев, А. Кравцов, Ж. Тәшенов және Т. Хусейн көшелерінің қиылысындағы «Жастар» шағын ауданында орналасатын «ақылды» аудан жобасы таныстырылды. Жоба 60 млн теңге жеке инвестициялар тартты. Инвестициялар «ақылды» есептеуіштерді орнатуға, жаяу жүргінші жолдарына, аялдамаларды, сонымен қатар фин компаниясының жылуды автоматты реттеуішін қоюға жұмсалды.

 

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра