СОЧ № Казахский язык и литература 11ЕМН класс
Назад
Задание:
Тыңдалым
1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туристік ұйымның мүшесі атанды. Елімізде туризмнің бірнеше түрі қарқынды дамып келеді. Олар: этнотуризм, тау туризмі, емдік-сауықтыру туризмі, мәдени-танымдық туризм, аңшылық пен балық аулау, т.б.
Этнотуризм – Қазақстанның бай тарихи өткені мен қазақ халқының ерекше мәдениетін насихаттау арқылы шетелдіктерді тартатын туризмнің бір түрі. Қазақстанның қай аймағында болмасын жолаушылар қазақ этносына тән салт-дәстүрмен, шығармашылық ерекшелікпен танысып, елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін зерттей алады.
Қазақстан – тау туризмі үшін қолайлы ел. Мұнда бұл салада барлық жағдай жасалған деуге болады. Қазақстан бойынша турлар белсенді демалысты, табиғатқа саяхатты, қарлы тау шыңдарына шығу, сондай-ақ жолай жұмбаққа толы үңгірлер мен көгілдір терең сулы көлдерді зерттеуді қамтиды.
Қазақстанда емдік-сауықтыру туризмін де дамытуға болады. Себебі еліміз тек қана емдік-табиғи ресурстарға ғана бай емес, сонымен бірге табиғи өңірлерде орналасқан заманауи шипажайларымен де танымал. Емдік-сауықтыру туризмі Қазақстанның барлық территориясына таралған, сондықтан сіз елдің қай жерінде болсаңыз да, емделумен қатар демала да аласыз. Емдік курорттар түрлі ауруларға ем болатын минералды су, бұғы мүйізімен емдеу, емдік климат және т.б. түрлі емдеу қызметтерін ұсынады.
Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіштер және географиялық көрікті жерлер бар екен. Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасы объектілері ЮНЕСКО-ның әлемдік маңызы бар ескерткіштері болып танылады және осы ұйымның қорғауында. Сонымен қатар мәдени құндылықтардың 2 миллионнан астам бірліктері қазіргі Қазақстан жерінің тұрмыстық мәдениетінің дамуының барлық кезеңдерін бейнелейді.
Ер адамдар әусе болып келетін ермектердің бірі – аң аулау мен балық аулау. Бұл адам мен табиғат арасындағы мәдени байланыстың бір бөлігі сияқты. Нағыз аңшы жануарлар әлемі мен оны белсенді қорғау туралы ақпаратқа әрқашан қызығушылық танытады. Сол секілді балық аулау да жақсы демалыс. Балық аулағанда адам күнделікті тұрмыс-тіршіліктен бір сәтке босап, сергек күйді сезінеді. (259 сөз)
1. Мәтін мазмұны бойынша екі бағандағы ақпараттарды сәйкестендіріңіз.
2. Жабайы табиғат аясындағы белсенді тынығу қай туризмге тән?
А. мәдени-танымдық туризм
В. емдік-сауықтыру туризмі
С. тау туризмі
Д. этнотуризм
3. Мәдени құндылықтар несімен маңызды?
А. ЮНЕСКО ұйымы қорғауға алғандықтан
В. түрлі емдеу қызметтерін ұсынатындықтан
С. мәдени құндылықтар санының көптігінен
Д. ел мәдениетінің дамуын сипайттайтындықтан
4-5.
А. Қазақстанда туризм түрлерін дамытудың қандай мүмкіндіктері бар?
________________________
В. Нағыз аңшылардың қызығушылығы не?__________________
Решение:
- 1-Д
2-В
3-А
4-С
5-Е - -3 С
Д
4-5 А. Елімізде туризмнің дамуы үшін барлық қажетті, мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар бар.
В. Жануарлар әлемі мен оны белсенді қорғау туралы ақпаратқа әрқашан қызығушылық танытады.