СОР № 1 История Казахстана 6 класс Х ғасыр - ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы саяси процестер
НазадХ ғасыр - ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы саяси процестер
Задание:
1. Дамыған ортағасырлық мемлекеттердің атаулары мен хронологиялық шеңберін тірек-сызбада анықтаңыз.

2. Картамен жұмыс.
• Дамыған ортағасырлық мемлекеттердің алып жатқан аумағын, көршілес мемлекеттерін, астаналарын картаға түсіріңіз.
• Дамыған орта ғасырларда ерте орта ғасырмен салыстырғанда қандай өзгерістер орын алғанын картаны қолданып сипаттаңыз.
Решение:
1.Қарахан мемлекетi.
942 жылы дүниеге келген Қарахан қағанаты Шығыс Түркiстан, Жетiсу, Сырдария, Талас, Шу өңiрiн құтты қоныс еттi. Оның орталық астанасы Шу өзенi бойындағы Баласағұн, кейiнiрек Ордакент (Тараз) қаласы болды. Қарахан мемлекетiнiң Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында қағанаттың iрi алпауыттары мен қолөнершiлерi мекендеген.
Қарахан әулетiнiң негiзiн салушы Сатұх Боғра хан болып есептелiнедi. Қарахан хандығының iргесiн көтерiп, мәртебесiн асырушылардың арасында Бiлге Күл Қадыр хан, Әбдулкәрiм, Сатұқ Қара хан, Сүлеймен Жүсiп, Мұхаммед Насыр, Ыбырахым Арыстан, Қылыш Арыстан сияқты бiртуар адамдар болған. Сатұх Тараз және Қашқар қалаларын өзiне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушiнi құлатып, өзiн жоғарғы қаған деп жариялайды. Қарахан мемлекетiнiң тарихы осы уақыттан басталады. Сатұх өлгеннен кейiн билiк оның баласы Мұсаға көштi, ол 960 жылы Қарахан мемлекетiнiң халқын ислам дiнiне қаратты.
2.Оғыз Мемлекетi.
Оғыз мемлекетi – IХ ғасырдың ортасы мен ХI ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгi ағысы мен оған келiп қосылатын Батыс Қазақстан жерiнде пайда болған оғыз тайпаларының ежелгi феодалдық мемлекетi. Сiрә, оғыздардың бастапқы қоныстанған жерлерi Орта Азияның Оңтүстiк шығыс аймақтары болса керек. Ертедегi оғыздардың топтасып қалыптаса бастауы Батыс Жетiсу жерiмен байланысты. Оғыз мемлекетiнiң астанасы – Янгикент Едiл жағалауы мен Маңғышлақ, Үстiрттi басып өтiп, Европа мен Азияны жалғастыратын маңызды жол тораптарының тоғысқан жерiнде орналасқан. Янгикент арқылы маңызды керуен жолдары қимақтар елiне, Хорезм мен Мауаранахрға өтетiн. Янгикент билеушiлерiнiң мемлекет құрамы бiр тектi болмады. Оғыздардың құрамына ежелгi тайпалар ретiнде негiзiнен түркiленген Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын мекендеген этникалық топтар және Жетiсу мен Сiбiрдiң жартылай көшпелi және көшпелi ру-тайпалары кiрдi. Оғыз мемлекетiнiң басында “жабғу” (яғбу) деп аталатын жоғары басқарушысы тұрды.
3.Қимақ және Қыпшақ мемлекетi.
Қимақ деген ел аты орта ғасырлардағы араб, парсы авторларының жазба деректерiнде жиi кездесiп отырды. ХI ғасырда Махмуд Қашқари “Диуани лұғат ат-түрiк” деген еңбегiнде қимақ елiн имақ деп атаған. Қимақтар VII-ғасырда Ертiс алқабымен Алтай тауының солтүстiгiнде қоныстанған. Ол кезде қимақ тайпалары Батыс Түркi қағандығының құрамында болған. Батыс Түркi қағандығы ыдырай бастаған кезде қимақтар одан бөлiнiп шықты. Олар VIII-ғасырда Ертiс өзенiнiң орта ағысын иемденiп бiрте-бiрте батысқа қарай iргесiн кеңейтiп, IХ-ғасырдың басында Жетiсудың солтүстiк батысындағы Алакөл алқабына дейiнгi жердi қамтыды. Балқаш көлi қимақ тайпаларымен қарлұқ тайпаларының арасындағы табиғи шекара едi.