СОР № 1 Химия 7 класс Ауа. Жану реакциясы
НазадАуа. Жану реакциясы
Задание:
2. Практикалық жұмыс «Күкірттің, фосфордың және темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру».
Мақсат: оттектің ең маңызды қасиеті жануды қолдайтынын көрсету.
Құралдар мен реактивтер: тығынмен жабылған 500 мл оттек газы бар 4 колба, заттарды жағуға арналған қасықтар, күкірт, қызыл фосфор, көмір, темір, спиртшам.
Жұмысқа дайындық: 4 колбаға оттек газын жинау, 1 колбаның түбіне алдын-ала шамалы құм салып (онда темірді жағамыз), күкірт және фосфорды жағуға арналған қасықтарды алдын-ала газ тәрізді заттардың шығып кетпеуі үшін тығындарға бекітіңіз.
Жұмыс барысы:
Спиртшамның жалынында жағуға арналған қасықтарда күкірт, фосфор, темірді кезекпен қыздырыңыз. Заттардың ауада және таза оттегінде жану белсенділігін салыстырыңыз.
Тәжірибе №1. «Күкіртті оттекте жағу».
Темір қасыққа күкірттің кесегін салып, спирт шамның жалынында қыздырыңыз. Күкірт ауада қалай жанады?
Жанып жатқан күкіртті оттегі бар колбаға салыңыз. Енді ол қалай жанады
Тәжірибе №2. «Фосфорды оттекте жағу».
Темір қасыққа шамалы қызыл фосфор салыңыз. Спирт шамында жағып, тез қасықты оттек газы бар колбаға салыңыз. Болып жатқан құбылысты бақылаңыз. 
Решение:
Күкірттің жануы кезінде оның жалына ашық көк түске боялады, жалпы күкірттің жануы оттегінің қатысуымен жүреді