СОР № 1 Химия 7 класс Адам ағзасындағы химиялық элементтер және қосылыстар
НазадАдам ағзасындағы химиялық элементтер және қосылыстар
Задание:
1. Практикалық жұмыс «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау».
Құралдар мен реактивтер: мыс сульфатының ерітіндісі 1%-10мл, 2М натрий гидроксиді-2мл, йодтың спирттегі ерітіндісі, 6 сынауық, 1 стақан, 6 тамшуыр, 1 қасық, 2 қағаз майлық немесе сүзгі қағазы.
Жұмыс барысы:
Сіздерге әртүрлі тағамдардың жиынтығы: жұмыртқа ақуызы, нан кесегі, банан, жаңғақ немесе күнбағыс дәні, ет кесегі, жануар майы беріледі.
1. 4 сынауыққа тамшуырмен 2мл 2М натрий гидроксидінің ерітіндісін және 5 тамшы 1%-дық мыс сульфатының ерітіндісін қосып, ретімен 4 сынауықтың үстіне қант, крахмал, жұмыртқа нәруызын және өсімдік майын тамшуырдың көмегімен қосып шығыңыз.
2. Байқалған өзгерісті 1-кестедегі 2-бағанға жазыңыз.
3. Сынауыққа қанттың, крахмалдың, жұмыртқа нәруызы, өсімдік майының сулы ерітіндісін дайындаңыз. Осы ерітіндінің үстіне бір тамшы йодтың спирттегі ерітіндісін тамызып шығыңыз.
4. Байқалған өзгерісті 1-кестедегі 3-бағанға жазыңыз.
5. Қант, крахмал, жұмыртқа нәруызы және өсімдік майы ерітінділерінен таза шыны таяқшаның көмегімен сүзгі қағазына жағыңыз. Түзілген дақты қыздырыңыз.
6. Байқалған өзгерісті 1-кестедегі 1-бағанға жазыңыз.
7. Тағамдық заттардың реактивтерге әсері бойынша қорытынды жасаңыз.
1-кесте. Тағам құрамындағы қоректік заттарға жасалған тәжірибе бойынша байқалған өзгеріс нәтижелері
8. Тағам құрамындағы қоректік заттарға тәжірибе жүргізіңіз (нан кесегі, банан, картоп, ет, жануар майы, жаңғақ). Бұл жұмысты жүргізу үшін әрбір тағамды жеке стақанға салып үстіне су құйып езіңіз. Етті бірнеше минут бойы қайнатыңыз.
9. Байқалған өзгерісті 2-кестедегі бағандарға жазыңыз.
2-кесте. Тағам құрамындағы қоректік заттарға жасалған тәжірибе бойынша байқалған өзгеріс нәтижелері
Решение:
Қант Мыс гидроксидімен белсене әрекетке түседі. Себебі олардың химиялық реакция теңдеулері жылдам әсер етеді. Ал қантпен йод бір-бірімен әрекеттесе алмайды
Крахмал май ақуыз 2 химиялық реакцияға да түспейді. Өйткенткені оларды химиялық теңдеулері сәйкес келмейді.
Банан мыс гидроксидімен реакцияға түскенде газ бөлінеді