СОР № 1 Химия 7 класс Адам ағзасындағы химиялық элементтер және қосылыстар

Назад
Химия - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Адам ағзасындағы химиялық элементтер және қосылыстар

Задание:

2. Лабораториялық жұмыс «Тыныс алу үдерісін зерттеу»

Құралдар мен реактивтер: 50 мл конус тәрізді колба, Г-тәрізді екі газ өткізгіш түтік, шыныдан жасалған мундшук, резеңке түтіктің үш кесіндісі, Т-тәрізді шыны үштігі (тройник), әк суы, тығын, дезинфекциялаушы ерітінді.

Жұмыс барысы:

1. Суретте берілгендей қондырғы жинаңыз.
2. Әрбір колбаға ¼ көлеміндей әк суын құйыңыз.
3. Мундштук түтігін дезинфекциялаушы ерітіндімен мақтаның көмегімен жақсылап сүртіңіз.
4. Тереңірек тыныс алып, ауаны
аузыңызға толтырып, Мундштук түтігінің көмегімен колбаға ауаны үрлеңіз. Сұйықтық аузыңызға тиіп кетпесін, сақ болыңыз. Ауа қондырғыға қай колба арқылы енеді?
5. Мундштук түтігі арқылы бірнеше рет терең дем алыңыз және демді сыртқа қарай шығарыңыз.
6. Өз бақылауыңызды түсіндіріңіз. Дем алғанда және дем шығарған кезде ауаның құрамы жайында қорытынды жасаңыз.

1 – мундштук,
2 – үшбөлімді түтік
3 – резеңке түтік
4 – Г-тәрізді түтік
5 – резеңке тығын
6,7 – колбалар

Решение:

Қорытынды тыныс алу өкпеде жүретін процесс, тыныс алу кезінде оттегін сіңіріп көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Бұл процес барлық тірі ағзаларға тән