СОР № 1 География 7 класс Зерттеу және зерттеушілер

Назад
География - 7 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Зерттеу және зерттеушілер

Задание:

Мәтінді оқып, сұраққа жауап беріңіз.
Жер бетіндегі табиғат зоналарының қалыптасуының себептері қандай?
Табиғат зоналарының қалыптасуы.
Табиғат зоналарын ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Олар көп жағдайда күн жылуының таралуына (яғни географиялық ендікке) тәуелді. Тағы бір фактор — аумақтың ылғалдылығының әртүрлілігі.
Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әр түрлі табиғи зоналар пайда болады. Мәселен, аумаққа күн жылуы көп түссе, оның біраз ылғалдылығы жеткіліксіз (К=0,3) болса, онда шөлді аймақтар пайда болады. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке үлескілер де кездеседі.
Табиғаттағы зоналылық тек жазықтарда ғана емес, биік тауларда да байқалады. Таудағы табиғат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін температура мен қысымның төмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің артуына, тау беткейлеріне түсетін жарық мөлшерінің әр түрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкере орналасатындықтан, оларды биіктік белдеулер деп атайды. Таудағы биіктік белдеулері жазықтағы зоналарға қарағанда тезірек алмасады. Тау жүйелері экваторға жақын орналасса және неғұрлым биік болса, ондағы биіктік белдеулер саны көп және табиғаты алуан түрлі болады.
2. Мәтінде берілген мәліметтерді және табиғат зоналары картасын пайдалана отырып, Алтай тауларының биіктік белдеулері сызбасын толтырыңыз

Решение:

  1. Табиғат зоналары — Табиғат зоналарын ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Олар көп жағдайда күн жылуының таралуына (яғни географиялық ендікке) тәуелді. Тағы бір фактор — аумақтың ылғалдылығының әртүрлілігі. Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әр түрлі табиғи зоналар пайда болады.