СОР № 1 Всемирная История 8 класс Уолл-стриттің күйреу себептері мен салдары
НазадУолл-стриттің күйреу себептері мен салдары
Задание:
Ұлы тоқырау (ағыл. Great Depression) — 1929 жылы басталып 1939 жылға дейін созылған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс. Дағдарыстан шығу әлемде 1945 жылға дейін созылды. 1929 жылдың 29 қазан күні —Уолл-стритте биржа күйреуінің күні болды. Заем— компания акцияларын жалпы құнының небәрі 10 % төлеп сатып алуға болады. Экономикалық дағдарыстың күшті болғаны сонша, дағдарыс бүкіл экономиканы күйретіп, АҚШ-ты 1913 жылғы деңгейге шегіндіріп тастады. 1932 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1919 жылға қарағанда 50%-ға қысқарды. 13 млн адам жұмысынан айырылды. АҚШ-та бұл кезең ұлы дағдарыс жылдары деп аталды. Дағдарыс мемлекеттің бүкіл қаржы жүйесін қамтыды. 1933 жылдың наурыз айында акцияның жалпы құны 4,5 есе төмендеді. 4 жыл ішінде 5,5 мың банк жұмыстарын тоқтатты, бұл АҚШ-тың барлық банктерінің бестен бір бөлігі еді. Миллиондаған ұсақ салымшылар ақшаларынан айырылып, кедейленіп қалды. Әлеуметтік жағдай қатты ушықты. Жұмыссыздық бойынша сақтандыру жүйесі, әлеуметтік көмек ұйымдары дегендер мемлекетте атымен жоқ еді. Қатал дарашылдық идеологиясы бойынша әркім өз тағдырына өзі жауапты деген пікір алға тартылды. Адам тағдыры үшін мемлекет тарапынан жауапкершілік болған жоқ. Мемлекеттің әлеуметтік көмегі американизмнің негізін бұзады деп есептелінді. Дағдарыс пен оның бүкіләлемдік ауқымы төтенше, көлемді шаралар қабылдауды талап етті. Мемлекетте қайыршылық халге жеткен бұқара халық қана емес, саяси жүйенің құлауынан қауіптенген ірі америкалық бизнес те бір шара қолдануды талап ете бастады. 1932 жылғы сайлау науқаны осындай жағдайда басталды.
1 сұрақ: Ұлы тоқырау жылдары деп қай кезеңді атайды?
____________________________
2 сұрақ: Уолл-стрит күйреуі АҚШ-тың экономикасына қалай әсер етті?
____________________________
3 сұрақ: Ұлы дағдарыстан шығу жолдары қандай болды?
____________________________