СОР № 1 История Казахстана 8 класс Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде

Назад
История Казахстана - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде

Задание:

1 -тапсырма Индустрияландырудың Қазақстанға жетістігі мен кемшілігін анықтаңыз. 2- тапсырма: ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы индустрияландыру саясатын бүгінгі күнгі Қазақстан Республикасының Үдемелі Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен салыстырмалы талдау жасаңыз.
Критерийлері :
1. Қазақстан 20-30 жылдарындағы өндірісінің ең негізгі жетістігі мен кемшіліктерін атаңыздар
2. Қазіргі Қазақстан индустриясының ең негізгі жетістігі мен кемшіліктерін атаңыздар .
3. Қазақстан индустриясының болашақта дамытуға ең қажетті салалары бойынша ұсыныстар жасаңыздар

Решение:

  1. Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.
  2. Кемшілік:Қазақстанның халқы еңбек бөлінісінің адам өмірі мен денсаулығы үшін өте ауыр, аса қауіпті, зиянды бөлігін орындады. Технологиялық өндіріс көлеміндегі жеңіл өнеркәсіп үлесі 3% — дан аспады.

Жетістік: индустриялы республикаға айналды. Елде көмір өнеркәсібі қауырт дамыдыРеспубликаның жеңіл және тамақ өнеркәсібі де іргелі жетістіктерге жетті. Алматыда аяк киім және екі тігін фабрикалары, Семейде тері илейтін комбинат және ет комбинаты, Атырау балық-консерві және Алматы жеміс-көкөніс комбинаттары, Талдықорғанда, Меркеде, Жамбылда қант зауыттары, Алматыда темекі фабрикасы, нан пісіретін және май шайқайтын зауыттар қатарға қосылып, өз өнімдерін шығара бастады