СОР № 1 Основы права 9 класс Неке қандай жағдайда қиылады және тоқтатылады?
НазадНеке қандай жағдайда қиылады және тоқтатылады?
Задание:
Отбасына қатысты жағдаяттар бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ерлі зайыптыларда кәмелетке толмаған екі баласы бар. Күйеуі ұзақ уақыт жоқ болғандықтан, соттың шешімі бойынша оны хабарсыз кеткен деп таныды.
Әйелі қалай және қай жерде некені тоқтата алады?
_____________________________________________________________________________
2. 18 жасқа толған Арман 16 жасқа толған Аселмен некеге тұруға АХАЖ бөліміне өтініш жазады, бірақ АХАЖ бөліміндегі қызметкер олардың арызын қабылдамады. АХАЖ органы бөліміндегі қызметкер дұрыс жасады ма?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Алматы қалалық сотына азаматша Бекова азамат Кизиловпен жасалған некені жарамсыз деп тану туралы талап-арыз береді. Өзінің талап-арызында ол жауапкердің жанұя құру мақсатында емес, онымен шын ниетімен некеге отырмай тек оның пәтеріне ие болу үшін ғана отырғанын баяндайды. Осыған байланысты ерлі-зайыптылардың арасында жиі түсініспеушіліктер туындап тұрған және күйеуінің таяу күндері Бековамен некені бұзып, пәтерді сол арқылы бөліске салатындығы туралы ескертеді. Кизилов Бекованың талап-арызына наразылық білдіреді, оның ойынша неке жарамсыз деп танылмауы тиіс тек бұзылуы мүмкін. Себебі, некені жарамсыз деп тануға ешқандай да негіз жоқ, өйткені Кизилов өзінің бар тапқан табысын ортақ мүддеге жұмсау үшін үйге алып келетін және әр кез әйеліне материалдық жәрдем көрсетіп тұратын.
Бекованың талап-арызына байланысты сот қандай шешім шығаруы тиіс? Некені жарамсыз деп танудың негіздерін ата.
____________________