СОР № 1 Основы права 9 класс Бала құқығы қалай қорғалады?
НазадБала құқығы қалай қорғалады?
Задание:
ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіндегі 61 — баптың үзіндісін оқып төмендегі жағдаятты талдап, сұрақтарға жауап беріңіз.
61-бап. Баланың ата-аналарымен және басқа да туыстарымен араласу құқығы
1. Баланың ата-анасының екеуiмен де, аталарымен, әжелерiмен, аға-iнiлерiмен, апа-сiңлiлерiмен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар. Ата-аналары некесiнiң (ерлі-зайыптылығының) бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-аналарының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиiс.
Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен араласуға құқығы бар. Сондай-ақ, ата-аналары әртүрлi мемлекеттерде тұрған жағдайда, баланың олармен араласуға құқығы бар.
2. Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған баланың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң ата-аналарымен және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар.
Баланың ата-анасы ажырасқан. Екі жақтың келісімі бойынша, 13 жасар қыз бала анасымен тұрады. Анасы бір жылдан соң қызының әкесімен араласуына тыйым салады.
1. Анасы қызының қандай құқықтарын бұзған?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Қай мемлекеттік орган бала құқықтарын қорғайды?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Баланың құқығын қорғайтын кем дегенде 3 құжаттарды атаңыз.
________________________________________________________________________________