СОР № 1 Всемирная История 10ЕМН класс Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері
НазадЕуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері
Задание:
Суреттермен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Мына суреттерді қандай тарихи оқиға байланыстырып тұр? ________________________________________________________________________________ Деректерді оқи отырып төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 1799 ж 17 қазанда Францияда билік басына келген Н.Бонапарт және оның министрлері қоғамда едәуір күшке айналып келе жатқан жаңа сословие буржуазияның мүддесін қызғыштай қорғаушылар ретінде көрінді. Н.Бонапарт үкіметі Францияда және оған бағынышты аумақтарда феодалдық жүйені қиратып, капиталистік қатынастарды орнықтыру мақсатында реформалар жүргізді, бұл реформа Наполеон кодекстері деген атпен белгілі. Наполеон кодекстері Еуропада өндіргіш күштердің қарқынды дамуына себепкер болып, тауар-ақша қатынастарының жедел дамуына себепкер болды. Банктер жұмысы жолға қойылып, буржуазия уақыт өткен сайын барынша күш алып, бұрынғы сословие дворяндарды қоғамнан ығыстыра бастады және олардың бұрынғы артықшылықтары мен қоғамдағы ықпалын жоя бастады. https://www.gumer.info/bibliotek_Buks/Econom/bubl/19.php
І Наполеонның Құрлықтық оқшаулау туралы Декреті (1806 ж.)
1. Англия барлық өркениетті халықтардың тарапынан мойындалатын халықаралық құқықты бұзды.
2. Ол өзіне дұшпан ретінде жау мемлекеттің кез келген азаматын таныды. Сол себептен әскери кемелердің экипажын ғана емес, сонымен бірге, сауда кемелерінің экипаждарын да, өз сауда істері бойынша саяхаттап жүрген саудагерлер мен коммивояжерлерді де әскери тұтқындар деп жариялады.
3. Ол сауда кемелеріне, тауарларға және жеке тұлғалардың мүлкіне басып алу құқығын таратады…
4. Ол қалалар мен берік орнатылмаған сауда порттарына оқшаулау құқығын кең жаяды; өзі бірде-бір әскери кемені ұстамайтын аймақтардың өзін оқшауланған өңір деп жариялайды…
5. Бұл жан түршігерлік оқшаулау құқықтың артығынан пайдаланылуы халықтардың арасындағы қарым-қатынастарға кедергі жасау және де материктегі өнеркәсіп пен сауда қалдықтарында Англияның сауда мен өнеркәсібін дамыту…
Біз, Англияға қатысты, оның өзі теңіз заңнамасында бекіткен тәсілдерді қолдануға бел байладық.
1-бап. Британ аралдары оқшауланған қалыптағы жағдайда деп жарияланды.
2-бап. Британ аралдарымен сауда жасау мен хабар алмасуға тыйым салынды…
3-бап. Біздің әскер орныққан мемлекетте… табылған Англия азаматы… әскери тұтқын деп жарияланды.
4-бап. Ағылшын азаматының қарамағындағы барлық қоймалар мен тауарлар… заңды жүлделер деп жарияланды.
5-бап. Ағылшын тауарларын саудалауға тыйым салынды … 7-бап. Англиядан немесе ағылшын отарлық иеліктерінен келген кез келген кеме… бірде-бір портта қабылданбады. Наполеон кодекстері Еуропада капиталистік қатынастардың қарқынды дамуына себепкер болды деген тұжырыммен қаншалықты келісесіз? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Осы декретті қабылдау арқылы Н.Бонапарт қандай мақсатты көздеді деп ойлайсыз? ________________________________________________________________________________ Н.Бонапарт бүкіл Еуропаны бір саяси-экономикалық қауымдастыққа біріктіруді көздеді, бірақ бұған Англия қарсы болды, осылай әйгілі императордың тарихтағы алғаш рет Еуропалық интеграцияны жүргізу мақсаты орындалмай қалды деген сөзбен келісесіз бе? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Декрет арқылы Англияны экономикалық тұрғыда тұншықтыру әрекеті қаншалықты нәтижелі болды деп ойлайсыз? ________________________________________________________________________________________________________________
Решение:
1)Н.Бонапарттың мақсаты бүкіл Еуропаны бір саяси-экономикалық қауымдастыққа біріктіруді,елдерді жаулауды көздеді
2)ия,келісемін
3)нәтижелі болды деп ойлаймын.Олар Англиядан кеме порттарды отарлап,мол олжаға кеңелді.