СОР № 1 Всемирная История 10ЕМН класс Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері
НазадЕуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері
Задание:
«Менің шынайы даңқым 40 шайқаста жеңіске жеткенімде емес. Ватерлоу түбіндегі ұрыс менің қол жеткізген барлық жеңістерді жадыдан өшіріп тастады. Алайда, жадыдан ешқашан да өшірілмейтін, әрі мәңгі өмір сүретін – ол менің Азаматтық кодексім» Әйгілі қолбасшы Н.Бонапарт өзі шығарған «азаматтық кодекстерді» соғыстардағы жеңістерінен маңыздырақ деп жоғары бағалады. Себебін түсіндіріңіз. _________________________

Деректі оқып шығып, сұрақтарға жауап беріңіз. Наполеон бекіткен азаматтық кодекстер бірінші кезекте жеке меншіктік қатынастарды түбегейлі бекітіп, буржуазия сынды әлеуметтік топтың күшеюіне мүмкіндік берді. Буржуазия бұрынғы феодалдық тәртіптер үстем болып тұрған кездегі ірі жер иелері феодалдар мен король билігі маңайына топтасқан ақсүйек топтары иеленген артықшылықтар мен саяси билікке қол жеткізе бастады. Буржуазия аталған кодекстің артықшылықтарын пайдаланып, елде өндіріс пен өнеркәсіптің қарқынды дамуына мүмкіндік жасады. Кодекстегі бір кемшілік жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мүлде қарастырылмаған болатын, себебі бұл кезде француз қоғамында жұмысшы табы әлі толық қалыптаса қоймаған жаңа әлеуметтік топ болатын. Кодексте азаматтық теңдік мен бостандық алға қойылып, дінді ұстану еркіндігі қорғалды. Барлық азаматтар әлеуметтік тегіне, шыққан ортасына қарамай заң алдында барлығы тең құқықты иеленді деп жарияланды. Кодексте негізге алынған бостандық пен теңдік сияқты либералдық принциптер, жекеменшікті қорғау сынды буржуазияға қолайлы орта Францияда мың жылдан артық үстемдік жасаған бұрынғы ескі тәртіптің іргесін сөге бастады. Феодалдық тәртіптер мен артықшылықтарға соққы берілді. Кодексте қаралған азаматтардың теңдігі мен бостандығы, діни еркіндігі, сөз бостандығы баптары француз ағартушылары Жан Жак Руссо, Вольтер, Монтеське сынды тұлғалардың ойлары мен еңбектеріндегі тұжырымдары негізінде жасалынды. Наполеон кодекстеріне дейін Францияда біріңғай заң болған жоқ, әр аймақта әртүрлі заңдар мен діни қағидалар үстем болып келді, кодекс бүкіл елді бір құқықтық қатынастарға біріктірді және Н.Бонапарт жаулап алған Еуропадағы елдердің барлығына тарай бастады. Осылай Еуропада француздық либералдық дәстүрдегі заңдар мен еркін ой тарап, феодалдық қатынастарға соққы бере бастады. Кодекс Еуропада капиталистік қатынастардың қарқынды дамуына әкелді. Кодекс өз заманының прогрессивті құқықтық актісі болды, кодекстің 2281 бабының 1200-і осы күнге дейін еш өзгеріссіз Франция Конституциясының баптарында негізгі заң қызметін атқарып отыр. Қазіргі таңда 70-ке жуық елдердің азаматтық кодекстерінде осы Наполеонның кодекстері өз маңыздылығын жоғалтпай келе жатыр. http://biofile.ru/his/29753.html Наполеон кодекстері қандай жаңа әлеуметтік топтың күшеюіне жағдай жасады? Неліктен? ________________________________________________________________________________ Наполеон Кодексінің Еуропадағы либералдық қоғамдық идеялардың таралуындағы маңызы не деп ойлайсыз? Дәлел келтіріңіз. ________________________________________________________________________________ «Қазіргі азаматтық қоғамның орнығуына ХІХ ғасырдың басындағы Наполеон кодекстерінің маңызы зор» деген тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Дәлел келтіріңіз. ____________________________________
Решение:
1)қоғамында жұмысшы табы әлі толық қалыптаса қоймаған жаңа әлеуметтік топты қалыптастырды
2) менің ойымша оның тез таралған себебі әділдігінде деп ойлаймын
3) азаматтық кодексте адамның құқықтары,дінге бағыну бағынбау жайлы айтылады