СОР № 1 Основы права 10ОГН класс Азаматтық құқықтың принциптері мен субъектілері
НазадАзаматтық құқықтың принциптері мен субъектілері
Задание:
Мәтінмен танысып сұрақтарға жауап беріңіз.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері – бұл жалпы міндетті сипатқа ие азаматтық-құқықтық нормаларды білдіру нысаны. Қазақстан Республикасында құқықтың негізгі қайнар көзі нормативтік құқықтық акті болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы азаматтық заңнама деп аталады. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне құқықты қолданудың жеке актілері – шарттар, заңды тұлғалардың жарғылары жатпайды. Бұлар қатысушыларының ғана қатынастарын реттейді, оны қабылдағандарға ғана міндетті болып табылады. Ұлттық заңдардан басқа ҚР қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың нормалары да ҚР қолданылады. Халықаралық шарттар ҚР ұлттық заңдарының алдында артықшылықтарға ие. Егер ҚР нормативтік актісінде қолданылатын ережеге қарағанда халықаралық шартта өзгеше көзделсе, онда халықаралық шарт қолданылады. Азаматтық қатынастар, егер әдеттегi құқықтар соның iшiнде iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуi мүмкiн (ҚР АК 3-бабының 4-тармағы). Әдеттегі құқықтардың арасынан кәсіпкерлік қызмет саласында қалыптасып қолданылып жүрген іскерлік айналымды айтуға болады. Әсіресе, халықаралық сауда саласында қалыптасқан әдеттер жиі пайдаланылады. Атап айтқанда, Париждік сауда-өнеркәсіптік палатасы құрастырған Инкотермс жиынтығында халықаралық сауда әдеттері бекітілген. Қазірде бұл әдеттерді ресми емес жүйелендірудің нәтижесі болып табылатын Инкотерм 2010 қолданылуда. Егер тараптар өз шарттарына олардың қатынастарына Инкотермсті қолдану туралы арнайы нұсқаулар енгізсе ғана қолданылады
Дереккөз: А.К. Лепесова. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы
А) Азаматтық құқықтың қайнар көздерін анықтаңыз
В) Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің мақсатын жазыңыз.