СОР № 1 Основы права 11ЕМН класс Жеке құқық
НазадЖеке құқық
Задание:
Жағдаяттармен танысып сұрақтарға жауап беріңіз.
Жағдаят 1.
Азамат М. мұнай компаниясында 5 жыл инженер-технолог лауазымында қызмет етеді. Жұмыс беруші қаржы-экономикалық жағдайға байланысты өндіріс көлемін ұлғайтты. Осыдан кейін жұмыс беруші азамат М.-ға қажетті өнім көлемін көбейту үшін және жаңадан маманды жұмысқа алмас үшін үстеме жұмыс жасайтындығын хабарлады. Азамат М. Жұмыс берушінің ұсынысымен келісіп тараптар еңбек шартына қосымша келісім шарт жасасты. 2 жылдан кейін азамат М. үстеме жұмыс үшін қосымша ақы төленуі тиіс екендігін білді. Және үстеме ақыны жұмыс беруші төлейтіндігіне мемлекет тарапынан кепілдеме (ҚР ЕК 102-бап. Еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер) берілгендігін анықтайды. Жұмыскер екі жылдық үстеме ақыны жұмыс берушіден талап етіп өтініш/шағым жазады. Жұмыс беруші үстеме жұмысқа ақы төлейден бас тартады. Себебі, жұмыскер өзі үстеме жұмысқа ақысыз еңбек етуге келісіп, шарт жасасқандығын хабарлайды. Жұмыскер жұмыс орнында құрылған келісім қомиссиясына арыз жазады. Келісім комиссиясы істі қарап жұмыс берушінің әрекетін дұрыс деп шешім қабылдайды. Жұмыскер сотқа шағымданады. Сот істің мән жайын қарастырып, шешім шығарады
Сұрақтар:
1. Жұмыс орнында тұрақты қызмет ететін келісім комиссиясының негізгі қызметі мен міндеттері қандай?
2. Келісім комиссиясы мемлекет тарапынан жұмыскердің құқығын қорғауды тиімді және заңға сәйкес жүзеге асырды ма?
3. Сіздің ойыңызша жұмыс беруші тарапынан заңға қайшы келетін әрекет жасалды ма?
4. Үстеме жұмысқа келіскен жұмыскер еңбек шартына қосымша келісім шартпен толық таныспағаны үшін жауапты ма?
5. Сіз қалай ойлайсыз еңбек субъектілерінің, еңбек құқығын мемелекет тарапынан қамтамасыз ету, осы жағдаятта тиімділігін көрсетті ме?
Жауабыңызды негіздеп, нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып жазыңыз