СОР № 1 География 11ОГН класс Қоршаған ортаның сапасы
НазадҚоршаған ортаның сапасы
Задание:
Мәтінді және file:///C:/Users/Admin/Downloads/kz_1495455892.pdf «Қазгидромет» РМК арнайы бөлімшелерімен орындалатын жұмыс нәтижелері бойынша дайындалған мәліметті пайдаланып, өздеріңіз тұратын жердің қоршаған ортасына кері әсер ететінін факторларды анықтаңыздар. Ластану көрсеткіштері бойынша жіктеңіздер.
Қоршаған ортаның тіршілік етуге қолайсыз әсері орын алмауы үшін шығарылатын улы зат, қоқыс қалдығы шамасын нормативті мөлшерден арттырмау керек. Бұл көрсеткіш ШРК және шекті экологиялық салмақ шамасы арқылы сипатталады. Осы шамаларды ескеретін, экожүйе құрылымындағы өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіш болуы тиіс. Бұл көрсеткіш қызметін мониторинг жүйесі (латынша «монитор»-болашаққа қарайтын,бағдарлайтын) атқарады. Мониторинг антропогенді себеп салдарынан қоршаған ортадағы өзгерістерді бакылау, болжау. Мониторинг жүйесі жергілікті жердегі экожүйенің жағдайын қадағалау мен қатар, әлемдік дәрежедегі экологиялық жағдаймен, яғни глобальді мониторинг жүйесімен тығыз байланыста жұмыс жүргізуі тиіс.
Ауа сапасын бақылау үшін белгіленген нормативтер бар. Олар қатарына ауа құрамындағы ластаушы зат концентрациясын жуықтап бақылайтын болжамды қауіпсіз әсер деңгейі немесе шамасы енеді. Жалпы жағдайда аталған норматив орнына уақытша рұқсат етілген концентрация шамасы қолданылады. Алайда, ауа тазалығының ең басты көрсеткіші болып біздің елімізде ШРК саналады. ШРК – шекті рұқсат етілген концентрация
1971ж. бұл норматив бекітіліп, ШРК тізіміне ауа құрамын ластайтын 120-дай зат тіркелді.
Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде глобальды экологиялық мәселелерді туғызып отыр. Олар жер шарындағы жиі-жиі байқалып отырған «Жылу эффектісі», «Озонның жұқаруы», «Қышқыл жауындар», «Фотохимиялық тұмшалар» және осылардың әсерінен туындайтын аурулар.