СОР № 1 История Казахстана 11ОГН класс «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері

Назад
История Казахстана - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

«Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері

Задание:

Берілген деректерге сүйене отырып, «Алаш» ұлттық идеясының туындауын IDEA формуласы бойынша талдаңыз
1-дерек.
«Алаш» сөзі шамамен ІХ-Х ғасырлар арасында алғаш рет айтылады. Кейбір шежірелерде қазақтардың ұраны немесе қазақ атауының орнына қолданылған делінеді. Аңызда Қотан байдың үш ұлы Алашаны хан көтеріп, Үйсіні –Ұлы Жүз, Болаты- Орта жүз, Алшыны –Кіші жүз болып еншілерін алып, бөлінеді. Бұларға барып қосылған қазақ қауымы «Алаш мыңы» аталады. Содан ел аузында «Атамыз- Алаш, атымыз –қазақ, үш жүздің ұрпағымыз» деген сөз қалады.
Жезқазған аймағындағы Жанғабыл өзенінің бойында Алаша хан ордасының , ал Қаракеңгір өзенінің оң жағында оның күмбезінің болуы аңызға дәлел.
2-дерек.
Хиуа тарихшысы Әбілғазы Баһадур-хан Алаша ханның аңыздық билік ету дәуіріне келесі сипаттама береді: «Алаша хан ұзақ уақыт бойы мемлекетті басқарды. Нұх пайғамбардың заманынан бастап Алаша ханның дәуіріне дейін Иафеттің барлық ұрпағы мұсылмандар болған; Алаша ханның кезінде ел нығайды, халық байыды. … Алаша ханның екі егіз ұлы болды: үлкен ұлы — Татар, кенже ұлы — Моңғол. Қартайға кезде Алаша хан өз иеліктерін екі ұлына бөліп берді. Ағайындылар өз өмірін ауқатты және бақытты шақта өткізіп, бір-біріне қиянат жасамады». Құрбанғали Халид қазақтардың тарихи фольклор мәліметтеріне сүйеніп, хабарлаған: «Алаш, Алаш болғанда, Алаша хан болғанда, Қазақ, қалмақ, ноғайлар, Бәрі сонда бір болған».
«Алаш» партиясы 1917 жылы 21–26 шілдеде Орынбор қаласында Жалпықазақтың съезінде құрылды [2; 999]. «Алаш мұрасы» сериясын жарыққа шығарушы авторлар ұжымы «Алаш» терминіне: «Алаш (ежелгі түрік сөзі — бауырластар, қандастар, туыстар) — көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым. Орта ғасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпалардың ортақ атауы. «Алаш» сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген. «Атамыз — Алаш, керегеміз — ағаш» деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі «Алаш» ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды. Соның дәлелі ретінде «Алаш қозғалысы»,«Алашорда», «Алаш» деген ұғымдарды атауға болады. «Алаш азаматы» деу қазақ халқының ауыз бірлігіне, елдің, жердің тұтастығына мегзейді», — деген анықтама береді [3]. Ата-баба арманы үзілмей жеткен Алаш ұранды ел тұтқаларының дала даналарының елдік идеясын ХХ ғасыр басында Алаш қайраткерлері дамытты.
Отформатированная таблицаОтформатировано: интервал после: 0 птОтформатировано: выделение цветом
Добавлено примечание ([U6]): Ұлтық идея мазмұны мен дереккөздер мазмұны сәйкес келмейтін сияқты. Дереккөз бойынша жалпы Алаш сөзі мен Алаштың пайда болу тарихы келтіріледі, бірақ ұлттық идея мазмұнын ашпайтын сияқты Ә.Б. Жағыпар. Қарағанды университеті хабаршысы, 2014ж.
IDEA формуласы
I – (Identify) тарихи оқиғалардың себептерін анықтау ________________________
D – (Describe) сәйкесінше дәлелдерді сипаттау ________________________
E – (Explain) оның … қалай әсер еткендігін түсіндіру
________________________
A – (Analyze) бұл себептердің қаншалықты маңызды болғандығын талдау ________________________

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра