СОР № 1 История Казахстана 11ОГН класс XVIII-ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы зерттеулер

Назад
История Казахстана - 11ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

XVIII-ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы зерттеулер

Задание:

XVIII-ХІХ ғасырлардағы зерттеушілердің еңбектерін бағалаңыз
1768-1774 жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін академик, табиғат зерттеушісі П.С. Паллас басқарды. Ол экспедицияның жұмысына белгілі ғалымдар , саяхатшылар И.П. Фальк , И.Г. Георги қатысты. Экспедиция бағыты Солтүстік-Батыс, солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстанның жерін басып өтіп, Паллас «Ресей империясының әр түрлі провинциялары бойынша жасаған саяхат» атты үш бөлімнен тұратын еңбегі жарық көрді. Зерттеушә ғалым И.Г. Георги 1796 жылы «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың, сондай-ақ олардың тұрмыстық әдет-ғұрыптарының , тұрғын үйлерінің , киім-кешектерінің және басқа да назар аударарлық ерекшеліктерінің сипаттамасы» атты жан-жақты жазылған жұмысын жария етті. И.К. Кириллов «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы түсіндірулер» атты еңбек жазып қалдырды. Онда қазақ жерінің табиғат жағдайларын, пайдалы қазбаларын және сауда жолдарын көрсетіп береді. П.И. Рычков «Орынбордың тарихы», «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы» деген құнды еңбектер жазды. Ол еңбектерінде қазақтардың Еділ-Жайық өңіріне Хақназар ханның билігі кезінде келгені жөнінде, Кіші жүз қазақтарының Ресейдің құрамына өтуінің барысы туралы баяндайды. Ал И.Г. Андреев «Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы» еңбегінде әдет-ғұрып, денсаулық жайлы жазса, белгілі орыс ғалымы, ХІХ ғасырда Торғай облысының әскери губернаторы болған Л.Баллюзек «Қазақтар» атты бірнеше томдық шығармасында қазақтардың салт-дәстүріне, мәдениетіне жан-жақты сипаттама береді.
Қабылдинов З.Е.., Қазақстан тарихы (ХҮІІІ ғасыр -1914 жыл)

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра