СОР № 1 История Казахстана 11ОГН класс Қазақстан Республикасы білімі мен ғылымы дамуының мәселелері мен болашағы
НазадҚазақстан Республикасы білімі мен ғылымы дамуының мәселелері мен болашағы
Задание:
Берілген дерекке және өз біліміңізге сүйене отырып, Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан білім саласындағы реформаларға GROW әдісі арқылы талдау жасаңыз
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан
12 сәуір 2017
4. Білімнің салтанат құруы
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды.
Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар. Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді.
Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген.
Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
Goal – мақсаты
• Бағдарламаның негізгі мақсаты неде?
____________________________
• Нәтижесінде неге қол жеткізуді қалайсыздар? _______________________________
• Мақсатқа қол жеткізу үшін сіздер қанша уақыт бересіздер?
_________________________
• Мақсатқа қол жеткізген соң біз қандай боламыз? ______________________
Reality — іске асырылуы
• Қазіргі уақытта не іске асырылып жатыр? ______________________
• Бағдарламаның жүзеге асырылуын қалай басқаруға немесе өзгертуге болады? ________________________
• Бағдарламаның жүзеге асырылуына қосымша қандай ресурстар қажет? ___________________________
Options — мүмкіндіктері
• Бағдарламаның жүзеге асырылуында қандай ішкі қайшылықтар болуы мүмкін? ___________________________
• Бағдарламаны ұзақ мерзімді мақсаттармен қабылдау қандай мүмкіндіктер береді? _________________________
• Егер сіздерде уақыт пен материалдық құралдар, басқа да әдістер көп болса нені өзгертер едіңіздер? _________________________
Way forward — алға қарай әрекет ету
• Сіздерді қандай іс – әрекеттер қанағаттандырды? ____________________________
• Жетістікті сіздер қандай критерийлер бойынша өлшейсіздер? __________________________
• Алға қарай әрекет ету үшін қандай қолдаулар қажет деп санайсыздар?