СОЧ № История Казахстана 7 класс
Назад
Задание:
Деректі және өз біліміңді қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз
І Петрдің XVІІІ ғ. басында Қазақ хандығы туралы «…барлық Азия елдері мен жерлеріне кірудің кілті мен қақпасы дәл сол орда (Қазақ хандығының) Азия елдерімен қатынас жолымыз болуы үшін қазақ ордасы Ресейдің қол астында болу керек» деген болатын. XVIII ғасырдың қазақ хандығында ішкі және сыртқы қайшылықтар шиеленісіп, Кіші жүз ханы Әбілхайырдың Ресей жеріне елші жіберуіне себеп болды. Осы оқиғадан бастап Ресей империясының қазақ жерін отарлауы басталды.
Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты әскери шептер құрылысын тездетіп салу және тұрақты казак-орыс мекендерін құру саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі құру, басқарудың дистанциялық жұмыс түрін енгізді. Орта Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту жол ашты. Ресей мемлекеті алым- салықты көбейтіп, патша әкімшілігінің, жергілікті өкілдердің пайдасына халықтың малын, қаржысын алып, бағынышты етіп ұстады. Қазақ шаруалары зорлық-зомбылыққа көнгісі келмей ұлт-азаттық қозғалысының басталуына әкелді
A. Ресейдің қазақ жерлерін отарлауының себебін түсіндіріп, дәлел келтіріңіз.
B. Ресей империясының қазақ жерін отарлау үшін қолданған әдісін талдап, дәлел келтіріңіз:
C. Ресейге қарсы болған ұлт-азаттық қозғалыстың мақсатын түсіндіріңіз
D. Ресейдің қазақ жерін отарлауының салдарларын түсіндіріп, дәлел келтіріңіз
Решение:
Ресей империясының қазақ жерін отарлаудағы мақсаты
өзінің территориясын Азияға қарай кеңітіп, Қытай мемлекетімен сауда-саттықты дамытқысы келді.
Бекіністердің салынды, қазақ жерінде отарлау саясатының басты тірегі казактар болды. Орынбор, Жайық, Сібір,
Жетісу казақтары құрылды. 1716 жылы Жәміш, 1718жылы Семей, 1720 жылы Өскемен бекіністері салынып, шұрайлы
жерлер тартып алынды
Ресей империясы қазақ жеріне өз билігін орнатқан соң, жергілікті халықтың жерін тартып алып, салық көлемін арттырды. Осыған байланысты С.Датұлы, К.Қасымұлы
сияқты тұлғалар көтеріліске шықты.
Дәстүрлі қоғамдық-саяси жүйе бұзылды. Қазақ жеріне өзге ұлт өкілдері көптеп қоныстану салдарынан бүгінде Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айналды.Елімізде қазір
130-ға жуық ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр.